Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Күйеуі пәктігіне сенбеген:18 жастағы қыз үйлену той болған түні өз-өзіне қол салды

Күйеуі пәктігіне сенбеген:18 жастағы қыз үйлену той болған түні өз-өзіне қол салды
ашық дереккөз
Күйеу жігіті қызды ұрысып, сыртынан кіліттеп кетіп қалған
18 жасар қыз үйлену тойынан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы KYN.KZ ақпарттық агенттігі хабарлайды. Бұл оқиға Тәжікстанда орын алған. Қыздың өз-өзіне қол жұмсауына күйеуінің жазықсыз жаласы негіз болған. Тойдан кейін оның қыз емессің, және де бұдан алдын сексуалды қарым-қатынаста болғансың деп айыптаған. Бірақ, Раджабби Хуршед өзінің пәк екендігін айтып ақталған. Өз танымынан айнымаған күйеуі Зафар Пиров оны үйіне қамап кеткен. Осы уақытта жас қыз мұндай қорлыққа шыдай алмайтынын, бұлай өмір сүргісі келмейтінін айтып видео түсіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Cірке суын ішкен қызды дәрігерлер аман алып қала алмаған. Жас қыздың туыстарының айтуы бойынша Раджабби тойға дейін толық медициналық тексеруден өткен. Оның дені сау және ешқандай генетикалық ауруы жоқ екендігі туралы справкасы болған. Тәжікстанда отбасы құруға дайындалып жүргендер бірге дәрігерлік тексеруден өту қалыпты жағдай. Өйткені, ВИЧ, СПИД сияқты жұқпалы ауруы бар адамдардың отбасы құүруына тиым салынған. Раджаббидің өлімінен кейін күйеуі Зафар Пиров оны арнайы тексерту үшін Душанбе қаласына алып барған. Ал, дрігерлердің арнайы экпертизасы,  қыздың некеге дейін пәк болғандығын анықтаған. Тәжікстан дәстүрі бойынша пәк болмаған қыз тұрмысқа шықпайды. Ол ата-анасына ұят келтіргені үшін өмір бойына үй қамақта болады екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар