Басты жаңалықтар
"Күн ыстықта сасып": Орамал тағуды үйреткен Талғат Жорабаевтың келіншегі жұрттан ұрыс естіді
- автор kyn.kz
- 8 шілде, 2019
- 1.5k
Аяулым Жорабаева: Маған жаздың ыстығынан тозақтың ыстығы маңызды
Танымал әнші Талғат Жорабаевтың келіншегі Аяулым Жорабаева желіде танымал келіншектердің бірі. Ол да өзгелер сияқты әйелдер қауымына ақылын айтып, өмір тәжірибесімен бөлісіп, желілік маркетингпен айналысады. Желідегі оқырмандарына пайдалы кеңес беруге тырысқан келіншек бүгін оқырмандарының сынына қалды. Үш баланың анасы Аяулым көпшілікке орамал тағудың үлгісін видеоға түсіріп көрсеткен болатын. Оны тамашалаған халық әншінің келіншегін сынай түсті. "Күн ыстықта қабаттап орамал байлап, сасып кететін болдың ғой", "Не азап мына сонша бүркенген киімнің астында. Араб елінде тұрмайсың ғой. Сәл миға қонымды киінсеңдер қайтеді". " Ұятты жерді жапқан дұрыс, бірақ, сонша тұмшаланып не көрінді?" деген сынды пікірлер көптеп жазылды. Осы орайда Аяулымға түрлі-түсті орамалдар жақсы жарасатынын айтқандар да көп болды.
"Сізге орамал жақсы жарасады, ешкімді тыңдамай иманыңызды күшейтіп, осы бетіңізден таймаңыз", "Осы үлкен ісілер жалаңаш қыздарды тыймайды ма? Оранған қыздарға тиісетіндерді түсінбеймін"