Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сириядан оралған әйелдер көзбен көрген сұмдықтарды жылап тұрып баяндап берді

Сириядан оралған әйелдер көзбен көрген сұмдықтарды жылап тұрып баяндап берді
ашық дереккөз
Күйеуі мен үлкен ұлынан айырылған келіншек Сирияны жер бетіндегі жәннат деп сеніп барғанын айтады
«Қатты өкінемін. Бірақ, кеш...». Бұл Сириядан оралған келіншектің сөзі. Осыдан бес жыл бұрын күйеуімен бес баласын алып Сирияға кеткен келіншек енді бармағын шайнап отыр. Қазығұрт ауданында мұғалім болып жұмыс жасайтын күйеуі оқ пен оттың ортасында қаза тапқан. Ол ған емес үлкен ұлынан да Сирияда айырылыпты. Оның айтуынша күйеуі үйіндінің астына бастырылып қалған. Үлкен ұлын атып тастапты. Және де осы көріністің барлығын «қалай өлгенін көріңдер » деп видеосында көрсеткен. Дүйсенкүл есімді келіншекте өз өкінішін жеткізе алмай отыр. Жұмақ деп барған мекенінің нағыз соғыс ордасы екенін кеш түсінген.Күнделікті болып жатқан ұрыстың бірінде жұбайынан айырылып, тағы бір азаматқа тұрмысқа шыққан. Алай да, ол да көп ұзамай қаза болған. Дүйсенкүл келіншектің айтуынша: «күйеуімнің екі аяғынан снайпермен атқан. Бауырынан, бүйрегінен атып тастаған. Өзін құтқармақ болған қазақ бауырларға «Кетіңдер. Қазір сендерді де өлтіреді» деп жан ұшыра айқайлаған. Өзі еңбектеп келіп бір үйдің ішінде жан тапсырыпты» деп жылап еске алып отыр. «Қателігімді түсіндім. Енді ол жаққа бармаймын. Қой терісін жамылып алған қасқырлар екенін білдім» деп, осы тыныштығымызға шүкіршілік айтуда. Жарылыстан бас сауғалап қашатын жер де жоқ. Күнделікті ас тұрмақ ертеңгі өмірлерін елестетуге қорқып қалған. Қазіргі таңда Сириядан келгендер Арнайы оңалту орталықтарында емделуде. «Жусан» гуманитарлық операциясы барысында елге Түркістандық 27 азаматпен 18 ер балаға психологиялық тұрғыда көмек көрсетілуде.  «Олардың көз қарасын қайта бейімдеу оңай емес», - деп отыр мамандар. «Олардың діни фундаменті, діни көзқарасы намаз оқымаған адамды күпірлікпен айыптау. Оның дүние мүлкін тартып алуды күнә санамайды. Бұл – шариғи дінде тәкфирлік идеология деп аталады», - дейді Түркістан облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы Марат Мұстафаев. Жалпы, «Жусан» гуманитарлық операциясының үш кезеңінде Сириядан елімізге 524 отандастарымыз жеткізілді. Оның 30-ы ер адам, 137-сі әйел, 357-сі кәмелетке толмаған балалар. Бұл шараны еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік органдары халықаралық әріптестерімен бірлесіп жүзеге асырылды.
Дереккөз: Евразия бірінші арнасы
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар