Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бір жастағы бала анасының оң омырауындағы сүтті емуден бас тартып, оны өлімнен құтқарып қалды

Бір жастағы бала анасының оң омырауындағы сүтті емуден бас тартып, оны өлімнен құтқарып қалды
ашық дереккөз
Анасы: Мен ұлыма өмір бойы қарыздармын
Ливерпульде бір жасқа толған бала анасының оң омырауын емуден бас тартқан. Бірақ балақай сол омырауды әдеттегіше еміп жүрген. Бұл туралы KYN.KZ сайты  Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 37 жастағы Джоан Карр баласы бір омырауын ембей қойғаннан кейін қызық күйде қалған. Уақыт өте әйелдің бала аузына алмайтын омырауы ісіп кеткен. Келіншек амалдың жоғынан дәрігерге тексерілген. Медициналық тексерудің нәтижесінде келіншектің сүт безінде қатерлі ісіктің пайда болғаны анықталған. "Мен өз балама өмір бойы қарыздармын. Адам айтса нанғысыз жағдай бұл. Дуджи болмағанда мен дәрігерге тексерілуді ойламайтын да едім. Мүмкін дерт асқынып, мазамды алғанда баратын едім. Ол кезде  қатерлі ісікті емдеу қиын болатынын білесіздер. Сондықтан мені ауыр дерттен балам құтқарып қалды деп толық айта аламын",-дейді Джоан Карр. 2018 жылдың наурызында дертін білген келіншекке бірден ота жасалған. Сәуір айында әйел дертінен толық айыққан. Әйел дертіне байланысты сүт ішуден бас тартқан періштесін "Ол мен үшін бүкіл әлемнің байлығынан қымбат сый жасады. Мен оны әлемдегі ең қымбат жан деп білемін" деп отыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар