Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақын Құрманай Назарбаевты мақтаған өлеңін махаббатты жырлаған түрік музыкасына салып оқыды (видео)

Ақын Құрманай Назарбаевты мақтаған өлеңін  махаббатты жырлаған түрік музыкасына салып оқыды (видео)
ашық дереккөз
Арнауды тыңдаған халықтың бір бөлігі ақынмен келіссе, екінші тарап президентті мақтаған ақынды саяси сауаты кем деп сынады
Бүгінде эстрада әншілеріне талай хит әннің сөзін жазып берген ақын Құрманай Бақтиярқызы Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған арнауын көрген жұрт таңырқай қарады. Ақын өлеңді нақышына келтіріп,  махаббатты жырлаған түрік музыкасының сүйемелдеуімен  оқыған, деп жазды KYN.KZ Бәрінен де елді қайран қалдырғаны ақын саясаткерге арнаған өлеңді оқыған кезде  "Черная любовь" деп аталатын түрік сериалының әуенін қолданған. Желідегілер ақынның туындысына байланысты түрлі пікірлер жазған бірі " жарайсы, бәрі тура әрі нақ айтылған", "Бәрі де Назарбаевтың арқасы. Дұрыс жаздыңыз" деп қолдаса,  тағы біреулері "жағымпаз", "сарай ақыны. Шыншыл болса митингтерді неге қоспаған" деп ашынды. Ақынның өлеңі: Көзбен көрсең ,көңіл тойып қарайтын Сол себепші ,туса елге, арай күн Тыныш ұйықтап - еш алаңсыз оянсаң, Ел басым бар, 1- і деп санайтын. Ел басым бар елін жақсы көретін Үлгі алғанға - өнегесін беретін. Адамдарға таң қаламын көп сөйлеп, Көрмей білмей жатып кейде,сөгетін. Күндер болды ,кейде нанға ,зар болған, Кейде жоқ боп, кейде бәрі бар болған Басқаларға жалтақтатпай- қойған жан, Елбасына мен ризамын нар болған . Мейлі Нұрдың бола берсін заманы, Ең бастысы адал елге - адамы Мемлекетті бір мәмлеге келтірген, Оңай емес оның сүрген ғаламы Билер болған қазағымды билеген , Адамым бар көштің басын сүйреген Ел басымның қолдағандар жолдауын, Түспей жүрміз - бейбіт өмір- күймеден Өзі қандай сөзі қандай - сенімді , Жүрегімен тербетіп жүр елімді Не ішемін не жеймін деп ойланбай , Еркін жүріп , бос тастадың беліңді. Болашаққа жол ашылды - шет елге , Көзім көрсе, мұны айтпай өтем бе ? Өзге елді , шақырған жан достыққа, Ашық адам,құшақ ашқан бөтенге. Жалқауланба - жұмыс жаса - деген ер Біздің сүйген - Ел басымыз - кемеңгер Мүмкіндікті қолдана алмай, қалған соң Сөгіп жатса, жатқан шығар - кедейлер. Бай болыңдар - оған есік ашылған, Қашқандар көп ,өзінің от басынан Отан емес, отбасын да игермей , Іспен емес, артық сөзбен - сасыған . Ел басыммен мақтанатын - ақынмын , Патриотпын - мен де еліме - жақынмын. Алладан соң , Елбасыма - рақмет Талай таңды , тыныштықпен атырғам. Саясаттан мен алыстау шығармын Бастан өтпей , ол әлемді ұғар кім ?! Оңай емес ,соны сезем - жүрекпен , Жоғарыда жүргендерді - сынар кім?! Елбасым бар - өшірмеген тарихын, Мен де оны, тек сыртынан танимын Тек сыртынан тілеулеспін - еліммен , Түсірмеймін - жүрегімнің төрінен . Алладан соң сол кісінің арқасы, Елбасым бар - жігіттердің марқасы Өзге елдің билерінен - биік тұр, Жүрегіне барлық қазақ , сиып тұр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Көзбен көрсең ,көңіл тойып қарайтын Сол себепші ,туса елге, арай күн Тыныш ұйықтап - еш алаңсыз оянсаң, Ел басым бар, 1- і деп санайтын. Ел басым бар елін жақсы көретін Үлгі алғанға - өнегесін беретін. Адамдарға таң қаламын көп сөйлеп, Көрмей білмей жатып кейде,сөгетін. Күндер болды ,кейде нанға ,зар болған, Кейде жоқ боп, кейде бәрі бар болған Басқаларға жалтақтатпай- қойған жан, Елбасына мен ризамын нар болған . Мейлі Нұрдың бола берсін заманы, Ең бастысы адал елге - адамы Мемлекетті бір мәмлеге келтірген, Оңай емес оның сүрген ғаламы Билер болған қазағымды билеген , Адамым бар көштің басын сүйреген Ел басымның қолдағандар жолдауын, Түспей жүрміз - бейбіт өмір- күймеден Өзі қандай сөзі қандай - сенімді , Жүрегімен тербетіп жүр елімді Не ішемін не жеймін деп ойланбай , Еркін жүріп , бос тастадың беліңді. Болашаққа жол ашылды - шет елге , Көзім көрсе, мұны айтпай өтем бе ? Өзге елді , шақырған жан достыққа, Ашық адам,құшақ ашқан бөтенге. Жалқауланба - жұмыс жаса - деген ер Біздің сүйген - Ел басымыз - кемеңгер Мүмкіндікті қолдана алмай, қалған соң Сөгіп жатса, жатқан шығар - кедейлер. Бай болыңдар - оған есік ашылған, Қашқандар көп ,өзінің от басынан Отан емес, отбасын да игермей , Іспен емес, артық сөзбен - сасыған . Ел басыммен мақтанатын - ақынмын , Патриотпын - мен де еліме - жақынмын. Алладан соң , Елбасыма - рақмет Талай таңды , тыныштықпен атырғам. Саясаттан мен алыстау шығармын Бастан өтпей , ол әлемді ұғар кім ?! Оңай емес ,соны сезем - жүрекпен , Жоғарыда жүргендерді - сынар кім?! Елбасым бар - өшірмеген тарихын, Мен де оны, тек сыртынан танимын Тек сыртынан тілеулеспін - еліммен , Түсірмеймін - жүрегімнің төрінен . Алладан соң сол кісінің арқасы, Елбасым бар - жігіттердің марқасы Өзге елдің билерінен - биік тұр, Жүрегіне барлық қазақ , сиып тұр.

Публикация от 𝑲𝒖𝒓𝒎𝒂𝒏𝒂𝒊 𝑩𝒂𝒌𝒉𝒕𝒊𝒂𝒓𝒌𝒚𝒛𝒚 ✍🎶 (@kurmanai_bakhtiarkyzy)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар