Басты жаңалықтар
Ұлдарым керек етпеді: Төрт келіні де үйіне кіргізбей қойған зейнеткер елден көмек сұрады
- автор kyn.kz
- 9 шілде, 2019
- 309
Төрт келіні енесіне қарсы көтеріліс жасап қара шаңырақтан қуып шыққан. «Ұлдарыма талай шағым айттым. Бірақ, олар әйелдерінің айтқанынан шықпайды», - деп жылап отыр жасы жетпістен асқан кейуана.
Бұл туралы KYN.KZ сайты "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасай отырып жазды Бұл оқиғаға байланысты пікір білдірушілер екі тарапқа бөлінді. «Төрт баланыңда келіншегі жаман болуы мүмкін емес. Мырзагүл апайдың өзінен де кінә бар шығар. Мүмкін, балаларына дұрыс тәрбие бермеген. Ұлдарын нағыз жігіт етіп, жауапкершілікті сезіндіріп, бауырмал етіп тәрбиелегенде осы жағдайға тап болмас еді. Қазақта жақсы сөз бар: Келін ененің топырағынан. Кез-келген жігіт жар таңдағанда анасына ұқсайтын қыз іздейді. Демек, осы жағдай бұл кісінің өзінің жасаған істерінің жемісі », - дейді бірінші тарап. Алайда оларға «Өзім оразамын, бес уақыт намаз оқимын. Қажыға да бардым. Өтірік сөйлесем Алла алдында қалай жауап беремін», - деп ағынан жарылды Мырзагүл Ешниязова. Баласы үшін барын берген ана басқаның шаңырағында күн көріп жүр. Қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай өсірген ұлдары өз аналарын төрлерінен қуып шыққан. Оған кінәлі кесірлі келіндер екенін айтып отыр. «Егер де, ұлдарының келіндерінің кінәсі жоқ болса, осы жерге келіп неге жағдайды түсіндіріп бермейді. Төрт ұл жаман болса төрт келіннің тәрбиесі қайда? Бірі болмаса бірі неге кемпірді жақтамайды. Құда-құдағилары неге ақыл айтпайды қыздарына. Үлкенді сыйлаған қазақ. Ананы аялап, әкені асқақтатқан қазақтың ұрпағы жасап отыр дегенге сенгің келмейді. «Әке – шешең жынды болса байлап бақ»деген бар. Мырзагүл апаның мінезі шатақ десек те ұлдары анасын бағуға міндетті.», - деп ашынып отыр екінші тарап. «Ешбіріңе жамандық тілемеймін. Ертең сендер де қартаясыңдар. Менің күнімді сендерге бермесін», - деп сөзін бітірді Мырзагүл Ешниязова.
Келесі мақала