Күдіктінің айтуынша, бұл қылмысқа ол ауру қызына дәрі табу үшін барған. Бірақ кейін жасаған әрекетінің дұрыс еместігін түсінген.
Замир Кожокановтың айтқандары әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікір-талас туғызды. Қолданушылардың дені сот ауыр жазаны жеңілдетеді деп үміттенеді.
Сотталушының анасының айтуынша, сол күні Замир қызына дәрі алуға дәріханаға барған, бірақ ақшасы болмаған. Дәріханада ол кепілге күртесін қалдыруды ұсынған, бірақ дәріхана қызметкері бұған келіспеген. Замир дәріханаға кейінірек қайта оралып, фармацевті итеріп жіберіп, кассадан шамамен 350 долларды алып кеткен. Екі күннен соң ол милицияға өз еркімен берілген.
Замир бес жылға сотталды, бұған қоса оған 70 мың сом ($1 мың) айыппұл салынды.
Замирдің ісімен айналысатын заңгерлер сот шешіміне шағым түсіруді көздеп отыр. Сот үкімі күшінде қалса, Замирдің үш баласы мектепке әкесіз барады.
Басты жаңалықтар
Науқас қызының дәрісіне ақша таппаған әке дәріхананы тонағаны үшін сотталып жатыр
- автор kyn.kz
- 9 шілде, 2019
- 256
Шарасыз әке қылмысты жасағаннан кейін құзырлы органға өзі барып болған жайтты баяндаған
Қырғызстандағы Токмок қаласының тұрғыны Замир Кожоканов дәріханадан 350 доллардың заттарын тонаған. Күдікті милицияға өз еркімен берілгеніне қарамастан, ол қарақшылық үшін бес жылға сотталды, бұған қоса оған 1 мың доллар көлемінде айыппұл салынды.