Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Базар әжетханасына босанып, қызын тастай қашқан әйел камераға түсіп қалды

Базар әжетханасына босанып, қызын тастай қашқан әйел камераға түсіп қалды
ашық дереккөз
Қазір полиция баланың өміріне немқұрайлы қараған әйелді іздеп жатыр
Өзбекстанда Сұрқандария облысы Денау ауданының "Лолазор" базарындағы әжетханадан жаңа туған нәресте табылды.
7 шілдеде әлеуметтік желілер арқылы шақалақтың әжетханада жатқаны түсірілген видео жарияланды. Видеода дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен тағы бірнеше адам нәрестені құтқаруға талпынған сәті бейнеленген. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бала аман қалған, қазір ол Сұрқандария облыстық перинаталдық орталығында жатыр. "Қыз бала, салмағы - 3500 грамм, бойы - 50 сантиметр. Дәрігерлер нәрестенің өмірі үшін күресіп жатыр" делінген министрлік хабарламасында. Нәрестенің анасы базар аумағындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Құқық қорғау органдары ол әйелді іздеп тапқан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар