Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпель шілдеде сізді не күтіп тұрғанын болжады
Шілде айы мен үшін қалай болады? Шілдеде не тындырамын? Не күтіп тұр? Несімен қызықты? Қандай қуаныш бар, қандай оқиға болады? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? KYN.KZ ең тәжірибелі мамандардың кеңесін назарларыңызға ұсынады.
Тоқты өміріне оптимистік көзқараспен қарайды. Күйбің тіршіліктен бой алдырмаса да, өзіне қымбат адамдармен демалуға уақыт тауып, жақсы компаниямен отбасында отырыс өткізеді. Бұл айда басынан өткізетін жағдайлар осыдан бірнеше жыл бұрынғы оқиғаларды қайталағандай болады. Оны өзі де сезеді. Сондықтан өткеннен алған сабақтарын ұмытпағаны жөн. Жұмыс кей уақытта жүйкесіне тиеді. Бірақ ол фактімен емес, әріптестері мен серіктестерінің жайбасарлығы құтын қашырады. Шілде айында қаржылық кіріс бар деу қиын. Бірақ қолында біраз сома болады. Дегенмен оны жылдам жұмсап тастайды. Ұзақ уақыт көрмеген досымен кездесу күтілуде. Ол алыстан келеді. Жеке өмірде жастар біреумен танысып, ыстық сезімді басынан кешіреді, ал жасы ересектерде бәлендей жаңалық жоқ.
Торпақ ісімен де, әрекетімен де, ойымен де өткен оқиғаларға бет бұрады. Көбісі баяғыда шешіліп қойды деген мәселені қайта қолына алады. Бірақ тағдыр оған тағы бір сабақ алатын тосын сый ұсынады. Қазір өзіне бағалы қарым-қатынасты сақтап қалу үшін барын салып, шыдауға тура келеді. Ересек және кіші туыстар арасындағы қарыс-қатынас маңызды рөлге ие болады. Бұрынғы қарым-қатынастар да маңызды болмақ. Ол бұрынғы көршілер, сыныптастар, әріптестерге қатысты. Шілде айында алған хабар жақын дос туралы ұғымына төңкеріс жасайды. Серіктесіне сақтықпен қарауға тура келеді, ол материалдық жағдайға қатысты. Көбісі оны сараңдыққа, салқынқандылыққа теңейді. Өзінің тәуелділігін басты орынға қояды, елдің өзіне қатысты әңгімесін елемеуге күш салады.
Егіздер бірдеменің кешігуі мен кедергілердің салдарынан бастама көтере алмайды Бар жігеріңізді күйбең тірлік басады. Жұлдыздар алдына қойған жоспарын мұқият қарап шығу керектігін ескертеді. Ештеме бастамай, ештемені ауыстырмау керек пе? Соны ойлансын. Көбісіне аталмыш жайт жұмысы мен жолға шығуға қатысты болмақ. Алдын ала жоспарланған істер сәтті болмақ. Ал асығыс қабылданған шешімдер күнделікті тірліктің астында қалады. Бұл ай өзінің тұрған жеріне, таңдаған мамандығына, бірге тұрған адамына күдікпен қарайтындарға ауыр болмақ. Қай жағдай болмасын оның қаншаға созылатын маңызды емес, бастысы – сізде өміріңізге өзгеріс енгізу талпынысы басым болады. Барлығы жаңалық әкелуге, жасауға құштар. Көбінесе ол өткендегі оқиғалардың қайталануымен шектеледі. Тұрмыста өзгерістер болуы мүмкін. Жағдайды өзгертесіз. Шілдеде шығын көп болмақ. Жақын адамдарыңыз, ортаңыз сізге ықпал етеді. Қасыңыздағы адамнан моральдық тұрғыда шаршайсыз.
Шаян жоспарын ешкім де, еш нәрсе де бұза алмайды деген сенімі болса ғана жаны тынышталады. Тұрақтылық пен күтпеген дүниелер бақытты жағдайлармен ұштасады, онсыз өзін сенімді ұстай алмайды. Тұрмыстық мәселелер «(жиһаз сатып алу, жөндеу жұмыстары) шешімін табуы мүмкін. Бұл жұмысына байланысты (өзі көп уақыт болатын жермен) жүргізілуі мүмкін. Ақырындап аяқталуға жақын бұрынғы істері сәтімен аяқталады. Пайдалы келісімнің арқасында қомақты сома түседі. Көптеген шаяндар үшін сату-сатып алу үрдісі жақсы жүреді. Жақындармен байланыс нығаяды. Көңілді отырыстар, сыйлықтар күтілуде. Демалу мақсатымен қысқа сапарға шығып қалуы мүмкін.
Арыстан жақын досынан көмек сұрайды. Басқа біреулердің салдарынан басына түскен жалғыздықты, ішкі дағдарысын ескеріп, өздігінен әрекет етуден бас тартады. Айналасындағылардың қылықтарынан мезі болады. Оны өзіне жасалған қысым деп қабылдайды. Кәсіби салада қажетсіз байланыстар мен жалықтырған адамдарынан құтылудың жолдарын қарастырады. Олардан көк тиын пайда жоқ деп есептейді. Сонымен қатар шілде айы жаңару кезеңі болмақ. Іскерлік негізінде жаңа серіктестер пайда болуы мүмкін. Өмірдегі, қызметтегі бірқатар жағдай өзгеріп, қысқа сапар күтілуде. Көбісі пайда түсіреді. Бір нәрсе сатып алады. Мұрагерлікке ие болуы мүмкін. Сезім саласында икемділік пайда болады, қиындықтан дер кезінде құтылып, ыңғайлы ортаға бейімделеді. Өзін еркін сезінеді.
Бикеш өзінің істерінің дұрыстығына тағы бір көзін жеткізеді. Сіздің сабырлығыңыз өзгелерге де беріліп, үлгі болмақ. Шілде айы ең жақын, өзі жақсы көретін, қадірлеп бағалайтын адамдарымен қарым-қатынасын нығайтатын кезең болмақ. Жақын адамдарының мәселесіне көңіл бөледі. Болып жатқан жағдайлардан хабардар болғанның арқасында кіші жастағы туыстармен жылы қатынас орнатылады. Түсіністік артады. Жақсы қатынастың арқасында өткендегі өкпе-реніштер ұмытылады. Ылғи өзі ұнатып жүрген жұмыспен айналысады. Бейтаныс адамнан ұтымды ұсыныс түседі. Өзгерістер тұрмысқа қатысты болуы мүмкін. Үйде жөндеу, жиһаз жаңарту жұмыстары болуы мүмкін. Көбісі сапарға шығып шабыт алады. Өз бастамасымен істелген істерден көңілі көтеріледі. Бұл айда өзін жақсы сезініп, өзгелерге тартымды болады.
Таразы жасырын әрекеттерді көрген сайын бойын сенімсіздік үрейі билейді. Келісім мен уәделер күдігіңізді баса алмайды. Сіз барлығынан шынайылықты талап етесіз. Әр істе растайтын құжат-қағаздарды талап етесіз. Бұл айда көбісінің еңбек шарты өзгереді. Жұмыс ауысып, демалысқа шығуыңыз мүмкін. Кәсіби іскерлік творчествоға ығысады, бір керемет дүние шығару идеясы пайда болады. Ұйымдастырушылық қасиеті көрініс береді. Осының арқасында айналаңызда адал, жұмысына берілген адамдар қалыптасады. Тартымдылығыңыз артады. Тіпті сізге ұмтылған айналаңыздағы адамдардан жалығатын боласыз. Шын мәгісінде ондай болмасаңыз да, өзгелерге беделді, абыройлы болып көрінесіз. Өткенде сізге маңызды болған үзілген байланыстар қалпына келеді. Қаржы мәселесінің алдыңғы айдан айырмашылығы жоқ. Ал сезім жағы жеке өмірде құлпырып тұр.
Сарышаян келешегін нақтырақ, анығырақ көреді. Өзгерістер әрдайым болып тұрады. Бір жерден екінші жерге ауысып өзгерген нәрсені өзіңіз де аңғарасыз. Кәсіби қызмет реттеліп, бұрынғыдан түсінікті болады. Кәсіби қатынаста беделіңіз артады. Әріптестер мен одақтастар сізбен бірге жұмыс істеуге, келісімшартты ұзартуға мүдделі болады. Материалдық жағдай жақсарады. Сатып алған бір жақсы дүниеңіз сізге ұзақ уақыт сізге шабыт береді. Шілдеде ұсақ-түйек күйбең тірлік көп болмақ. Жеке жоспармен қысқа сапарлар күтілуде. Белгілі бір айтулы күнге қатысты бір шараны асыға күтесіз. Бұл мерзімде достарыңыздың уәдесі маңызды болмақ. Оларға үлкен сенім артасыз. Үйде шағын жөндеулер болуы мүмкін. Интерьерді өзгертіп, өзіңізге ыңғайлы етіп жасауға тырысасыз. Сіздің сезіміңіз бұл жолы бұрынғыға қарағанда мақсатты және бүтінірек болмақ. Махаббат сіздің жеке өміріңіздегі қарым-қатынаста ең басты таразы. Ол көп нәрсені өзгертеді.
Мерген біреудің жүрегін жауламайынша, өзін қоярға жер таппайды. Сіз адамның жанын жаулап алуды ұнататын адамсыз. Бұл айда айналаңыздағы адамдардың ықыласына ие боласыз. Артыңыздан таң қалып, тамсанатындар көп. Сіздің назарыңызды аудару оңай емес. Ол бәрінің қолынан келе бермейді. Сіз өзге адамдардың көзіне қарапайым болып көрінесіз, соның арқасында қажетті адамдардың беделін өз пайдаңызға асыруға тырысасыз. Керемет жоспар ойлап тауып, әрекетке көшесіз. Алайда оны басқаша түсіндіресіз. Түсіндіргенде адамдар тарапынан аяушылық және түсіністік байқайсыз. Шілде өміріңізге бәлендей» өзгеріс әкелмейді. Есесіне үлкен бақыт сезімін сыйлайды. Күткен нәтиженің жемісін көресіз. Қаржы жағдайы жақсарады. Әсерлі кездесулер болады. Сыйлықтар күтілуде. Тосын сыйлар. Және махаббат...
Тауешкі кенеттен мақтау-мадақтауға сараңдық танытпайды, бірақ ол үшін ешқандай әрекет жасамайды. Тек сіздің ішкі жан дүниеңіз соған итеріп тұрғандай. Өзіңіздің ішкі түйсігіңізді тыңдауға көшесіз. Қазіргі жағдайыңызды түсінесіз, қоғамдық өмірді қалыптастырудағы өз рөліңізді пайымдайсыз. Күдік басым болады, тіпті қызмет бабында бір нәрселерден көңіліңіз қалады. Ол жұмысқа байланысты емес, ол ортаңызға байланысты болмақ. Құжат рәсімдеуде, жүк алуда, бір нәрсе жіберуде біраз қиындықтар болады. Сенімділік бірінші орынға шығады. Онсыз бір түйткілді шеше алмайсыз. Жақын туысыңыздың арасынан бір адам ауырып, көмек сұрайды. Уақытша тұратын жерді ауыстырасыз. Жаңа міндеттер пайда болады. Күн тәртібі өзгереді. Сапарға шығудан бас тартасыз. Болмаса оны кейінге шегересіз. Туыстан алған хабар сізді таң қалдырады. Жеке өмірдегі сезіміңіз ақшаға тіреліп, соған мүдделі боласыз.
Суқұйғыш өзгенің ақылын тыңдап, сол арқылы өзін мазалап жүрген мәселенің себебін шешеді. Қандай қарапайым жағдай болмасын, өзіңізге ұнайтын адамдардың көңіл күйіне тәуелді боласыз. Сіздің өмір салтыңыз достарыңыз бен туыстарыңызды шошытады. Сіздің кейбір әрекеттеріңіз миға сыйымсыз болып, өз жолыңызды өзіңіз жабуыңыз мүмкін. Құтты бір көк тиын пайдасыз адамдарға бола өз пайдаңыздан бас тартып тұрғандай боласыз. Сырт көзге сіздің өмір салтыңыз өзіңізді құрбандыққа шалғандай болып көрінеді. Сізге адал дос қажет, оның қолдауы қажет. Кәсіби салада жетістіктер күтілуде. Бір одақтаспен жақсы жұмыс тындырасыз. Сырт келбетіңіз маңызды рөлге ие болады. Тартымды боласыз. Ол сізге шабыт береді. Айналаңыздағы адамдармен жылдам тіл табысып, ортақ жағдайды жөндейсіз. Жеке өмірде де тап солай болмақ.
Балық өзінің шынайы көңіл күйін өзгелерге ешқашан білдірмейді. Шілде сіз үшін тым шынайы. Ал сіз қандай бір өзгерістерге тым сезімталсыз. Көңіліңіз көп нәрседен қалатыны рас, соған дайын болыңыз, үйреншікті заттардан бас тартасыз, адамдардан, жоспарлардан. Ұзақ уақыт шешемін деп ұмтылып жүрген мәселелермен айналысуды бәсеңдетесіз. Себебі, бұрынғы жағдай тиімдірек болып көрінеді. Қарапайым әрекет жетістік еленуі мүмкін. Ал үміттеніп жүрген дүниелер уақытша қиялға айналады. Бұрынғы жұмысқа, бұрын тұрған жерге үйреншікті нәрселерге ұмтыласыз. Бұны үйден алыс жерде қатты сезінесіз. Шілде сонымен бірге жаңа таныстықтарға толы. Творчестволық одақ құрып қалуыңыз ықтимал. Жаңа келісім шарт жасауыңыз ғажап емес. Бір маңызды қаржылық құжатын қолға түсіресіз. Ересек балықтар дәрігерге қаралады. Сезімдеріңіз романтикалық бағытта болмайды. Ол тез жанып кетеді.