Басты жаңалықтар
Ер азаматтарға энергия не үшін керек?: жігіттер энергияны қайдан алатынын біле жүріңіз
- автор kyn.kz
- 11 шілде, 2019
- 873
Бұл туралы Қуралай Қалиева өзінің Ютуб парақшасында толық түсіндіріп айтып берді.
Еркек кімдерден энергия алады? Анасынан, сүйіктісінен, қызынан. Бұлай айтуымыздың себебі, Алла Тағала әйелде жоқты еркекке, еркекте жоқ қасиетті әйелге берген. Әйелде энергия өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша 21ғасыр «әйелдер энергиясы» ғасыры дейді. Ер адамда эмоция құрғақ және аз болады. Ол өзінің эмоциясын жұмсап қойғаннан кейін оған анасы, әйелі, әпке-қарындасы немесе қызы өз энергиясын береді. Еркек деген сіздің әкеңіз, аға-ініңіз, жұбайыңыз.
Есесіне еркекте логика жақсы дамыған, ал әйелде аз болады. Еркек аз сөйлеп проблеманы шешеді, әйел көп сөйлемесе логика іске қоылмайды.
Нақты еркекке энергия не үшін керек?
- ЖАҚСЫ ТАБЫС ТАБУ ҮШІН. Әйелінен энергия көп алатын еркектер табысты болады. Жетіске көп жетеді. Көптеген мықты бизнесмендердің энергия алатын ортасы белсенді жұмыс жасайды. Сол себепті, олар табысты келеді.
- ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ҮШІН. Айналасындағы достарымен, серіктес, туыстарымен тіпті отбасымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін энергия керек. Сіз оны мақтап, рухтандырып отырсаңыз ол өзіне сенімді болады. Рухы жоғары болса ол нағыз еркекше жүреді.
- АДАМДАРДЫ ЖАҚСЫ КӨРУ ҮШІН. Сіз неқұрлым энергияны көп берсеңіз ол соғұрлым адамдарды жақсы көре бастайды. Сіз оны қолдаштап, шаршап келгенде энергияңызды беріп ол жоғалтқан энергияның орнын толтырсаңыз, еркек айналасын жақсы көре бастайды.