Басты жаңалықтар
Тоңазытқыштан шығатын жағымсыз иістен қалай құтылуға болады?
- автор kyn.kz
- 11 шілде, 2019
- 249
Тоңазытқыштан шығатын жағымсыз иіс әрбір үй шаруасындағы қыз-келіншектерді мазалайтыны анық.
Азық-түлікті қойнында сақтайтын тоңазытқыштағы иіс – ішіне қойған барлық тағамдардың, көкөністер мен жемістердің тез бұзылуы және дәмінің өзгеруіне әкеліп соғады. Сондай-ақ салқындатқыш құрылғысының дұрыс жұмыс істеуіне де кедергі келтіреді. Ал, одан құтылудың жолы бар.
Тоңазытқыш тазалау үшін:
- кір сабынды езіп сумен жақсылап араластырып аламыз. Екі қайтара тоңазытқыштың ішін сүрткен соң кептіріп, желдетеміз.
- ас содасы және сірке суы - мұның екеуі де көгерген жерді кетіруге таптырмас құралдар: 1стакан жылы суға 2 ас қасы ас содасын салып, араластырып, тоңазытқышты түгелдей дерлік сүртіп шығыңыз. Әсіресе есік пен оның айналасына қойылған резеңкелер арасын мұқият тазалағаныңыз жөн. Осыдан кейін аз ғана сірке қышқылын сумен араластырып, тоңазытқышты шүберекпен сүртеміз. Ас содасы көгергенді кетірсе, сірке қышқылы жағымсыз иістен арылтады.
- Тоңазытқышты жоқ дегенде, айына бір рет жуып тұрған жөн. Бұл ретте жылы су мен аздаған мөлшерде ас содасын пайдаланған дұрыс. Алдымен, тоңазытқыштың мұзын толық ерітіп алған абзал, одан кейін барлық контейнерлері мен тартпаларын шығару қажет.
- Тағы бір есте ұстайтын жайт – тоңазытқыш бөлме температурасымен бірдейболып жылынғанша жууға кіріспеу керек. Әйтпесе, ол бірден жылы су тигенде жарылып кетуі мүмкін.
- Тоңазытқыштың ішін жуу үшін 2 шай қасық соданы бір литр ыстық сумен араластыруға болады. Содалы сумен жуғаннан кейін оны таза сумен шайып шыққан жөн. Бұл ретте қандай да бір химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Егер қатты кірлеген тұсы болса, ол жерге содалы суға малынған дымқыл шүберекті төсеп қойған дұрыс. 15 минуттан кейін әлгі дақты кетіру айтарлықтай оңайға түседі.
- Есіктің қуыстарындағы резеңке заттарға да ерекше күтім қажет. Өйткені дәл осы қуыстарға шаң-тозаң көбірек жиналып жатады.Оларды жуып тұрмаса, істен тез шығып қалады да тоңазытқыш суықты сыртқа шығаратын болады.
- Жуып біткесін тоңазытқышты біразға дейін ашық күйінде қалдырып, құрғатқан жөн. Тек әбден кепкенненкейін ғана оны тоққа қосып, пайдалануға болады.