Басты жаңалықтар
Өзімді көлік қағып, әйелім кредит алды: Амандық Баталов жеке өмірі жайлы сұхбат берді
- автор kyn.kz
- 12 шілде, 2019
- 277
Алматы облысының әкімі өзі басқаратын аумақта "Амандық болсын" деген тілектің жиі айтылатынына пікір білдірді
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жұмысы мен отбасы, қарапайым қазақстан азаматы ретіндегі өмірі жайлы сұхбат берді. Әкім домбырамен ән салып тынығатынын, елдің өзін сыртынан қалай әзілдейтініне дейін ашық әңгімеледі.
"Мен телефонды ешқашан өшіріп қоя алмаймын. Үнемі қосулы тұруы керек. Қолым босағанда домбырамен ән салғанды ұнатамын. Әрине сахнаға шығып айтпаймын.
Мен ешқашан кредит алған емеспін. Әйелім өз атына алды. Мені өте қатал басшы дейді. Жұмыс солай, қай жерде жеңіл жұмыс бар екен? Маған осы жасқа келгенде өзімді жарнамалап не керек? Өзін жарнамалап жүр дегендерді аяп кеттім, бір жағынан намысыма тиеді.
Алматы облысында ел арасында "Жақсылық болсын, амандық болсын деген әзілді тілек бар", -дейді Алматы облысының әкімі.
Журналист Ирина советжанқызы әкімге өзі басқарып отырған аумақта былықтың көп екенін айтты. Соның бірі мектептегі бассыздық.
"Мектеп директоры қарамағындағы ұстаздарға кредит алдырады екен. мәжбүрлеп тұрып. Осы жағдайды білесіз бе?" деді.
"Мен бұл жайттан бейхабар екенмін. Давайте, мен осыны тексеріп,қадағалап, дұрыстап қарайын",-деді әкім.
Сұхбаттың толық нұсқасы ютубтағы "Қамшы -сұхбат" арнасында.