Басты жаңалықтар
Ең арзан әуе билеттерін сатып алуға арналған 12 кеңес
- автор kyn.kz
- 14 шілде, 2019
- 322
Арзан әуе билеттерді сатып алу арқылы жылына 1-2 рет емес бірнеше рет саяxат жасай аласыз.
Билеттің бағасы аптаның күніне, маусымға, ұшу алдындағы күндерге байланысты өзгеріп отырады. Арзан билеттерді сатып алу үшін немесе ұшу кезінде ақша үнемдегіңіз келсе біздің кеңеске құлақ түріңіз.
- Әуе билеттерін жұмыс күні басталмас бұрын түнде немесе таңертеңгі уақытта сатып алған тиімді. Өйткені бағалар арзан, әрі таңдау мүмкіндігі көбірек.
- Ыңғайлы күндерді таңдаңыз. Ең жақын күндердегі ұшу рейстерін қарап шығыңыз (+ 3 күн). Бағаларды күнтізбе арқылы қай күндері арзан салыстырыңыз.
- Ұшу билеттерінің ең тиімді бағасы ұшуға дейінгі 2 ай бұрын сатып алынған билеттер(50-60 күн). Жазғы мезгіліндегі билеттерді желтоқсан айында сатып алған тиімдірек. Ұшақта неғұрлым орын саны азайған сайын олардың құны жоғарылай береді.
- Авиакомпаниялардың сайттарына жазылыңыз. сол арқылы жарнамалар немесе жеңілдіктер жайлы алғашқы болып біліп отырасыз. Тұрақты жеңілдіктер ақпан мен наурыз, қазан мен қараша айларының аралығында жүргізіледі.
- Ұшып келу немесе ұшып кету авиабилеттерін апта ортасында сатып алыңыз. Ең арзан билеттер сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері сатылады, ал ең қымбат билеттер сатылымы демалыс және мереке күндері.
- Кешкі немесе түнде ұшатын авиабилеттер таңертеңгі немесе түстен кейінгі билеттерге қарағанда арзанырақ. Бұл жағдайда таксиге төленетін қосымша шығындарды ескеру қажет (өйткені көліктің басқа түрлері қол жетімді болмауы мүмкін).
- Саяxатқа маусымынан тыс уақыттарда ұшыңыз. Саяxат маусымынан тыс уақытты ауа райы жаман болуы мүмкін деп таңдамай қоймаңыз. Керісінше бұл уақытта адамдар өте аз болады, яғни тек әуежайда ғана емес, сонымен қатар қонақүйлерде де ең төменгі бағаларға қол жеткізесіз.
- Келу/кету билетін бірден сатып алыңыз(RT-Round Trip). Бір ғана бағыттағы билет бағасы қайтарымнанда қымбатқа түсуі мүмкін.
- Чартерлік рейстер үшін ең соңғы минуттағы билет бағасына қараңыз. Чартерлік рейстерге арналған орындар кетуден бірнеше күн бұрын сатылымға шығады.
- Ауысым жасап ұшыңыз. Ауысым жасау кезінде ұшақ рейстері мен ұшудың жалпы ұзақтығы арасындағы уақытқа назар аударыңыз.
- Ең арзан авиакомпаниялардың ұшақтарымен ұшыңыз. Төмен тарифтер (арзан авиакомпаниялар, жеңілдік берушілер) үнемі ұшудың ең арзан бағаларын ұсынады. Билеттің бағасы көбіне тамаққа, регистрацияға, жол сөмкеңізге қосымша қаражат төлемейтін болсаңыз арзанға түседі.
- Билеттерді іздестіру кезінде іздеу жүйесін қолданған ыңғайлы. Мета-іздестіру жүйесі барлық бағыттардағы билеттерді бірден табады және сізге таңдау мүмкіндігі көбірек. Ең ыңғайлы билет іздеу жүйелері сізге 700-ден астам әуекомпаниялары мен агенттіктерінің бағаларын салыстыра отырып ұсынады.