Басты жаңалықтар
Күйеуім шаршатты: Тоқалдыққа кастингке келген қыздар елді шошытты
- автор kyn.kz
- 14 шілде, 2019
- 438
Әлеуметтік желіде тоқалдыққа кастинг жариялаған азамат көптің ашуына тиді.
YouTube әлеуметтік желісінде "Тоқал болу ұят емес!" деген видео пайда болды.
Өзін Қалмұхан деп таныстырған азаматтың жасы 47-де екен. Ол өзіне тоқалды Whatsapp арқылы іріктеген. Нақтырақ айтқанда, өз талаптарын жазған ол ұнамаған аруды шығарып жіберген көрінеді.
Бұл видеоны көптің ашуына тиді. Біреулер бұл істі шоуға баласа, енді бірі қазақтың ақыл айтар ағалары азайғанына ашынып отыр. "Мал базарда отырған сияқты", "Аталар саны азайды", - деп пікір білдірушілер саны көп.
Бағдарлама соңында қалған қыздың қолын ұстаған Қалмұхан: "Құдай қаласа, келешекте екеуміз бір шаңырақ болып, жаңағы, үміттеніп отырмын", - деп сөзін аяқтаған. Желі қолданушылары: "Егер де, шоу болса неге Алланы аузына алады?", - деп сын айтып отыр.
https://www.youtube.com/watch?v=VyEtEceWexk Келесі мақала