Қазіргі уақытта саяxат жасау үшін көп ақшаның да, көп тіл білудің де қажеті жоқ.
Тек ақшаңызды үнемді жұмсаудың жолдары мен жақсы жоспар құрып алсаңыз болғаны.
Саяxаттау арқылы сіз жаңа дүниелермен танысасыз, өзгелерге сырт көзбен баға беруді үйренесіз, дүние танымыңыз кеңейеді. Ең бастысы раxатқа бөленіп, кереметтей әсер аласыз. Ал саяxатыңыздың осылай жақсы өтуін қаласаңыз біздің кеңеске құлақ түріңіз. 1. Қорықпау керек. Жалғыз саяxат жасаудан қорықпау керек. Өйткені жалғыз саяxат жасау арқылы көп нәрсе үйренесіз. Сіз үшін арзан әрі пайдалы саяxат деп айтсақ болады. Жалғыз жүру арқылы тіл үйреніп алуыңызда ғажап емес. Агенттіктер арқылы саяxат жасасаңыз жалғыз жүргендегідей еркіндікте бола алмайсыз. Тым зеріктірерлік болуы да мүмкін. Ең өкініштісі соның барлығына бостан босқа ақша төлегендігіңіз. 2. Арзан билет. Ең алдымен ұшақ билетін алу үшін ең арзан компаниялар мен сайттардан қарастырған дұрыс. Екі ай ерте билет қарастырсаңыз әлде қайда арзан бағада сатып алаласыз. Сайттарды да бақылап отырыңыз, кейде билеттерге жеңілдіктер де жасалады. Ауысым жасап ұшу да сіз үшін өте тиімді. Арзан әрі, екінші бір қаланы көріп қалу мүмкіндігін аласыз. Егер арзан билетті қайдан табамын десеңіз, ол жайында біздің сайттан оқи аласыз. 3. Қонақ үй. Баратын жеріңізден алдын ала арзанырақ қонақ үй дайындап қойыңыз. Сол уақытта барып ала салармын деген ойдан аулақ болыңыз. Жолдан шаршап келген уақытта біраз әуреленіп қалуыңыз мүмкін. Ондай уақытта қымбат қонақ үйден бірақ шығуыңыз ғажап емес. Көбіне ең тиімді әрі арзан жолы "Hostel"-де қалу. 4. Тамақтану уақыты. Ас ауқатыңызды да өзіңіз дайындаңыз. Сыртта әр ішкен тамағыңызға 15 Евро төлегеннен, бір аптаға 60 Евроға азық-түлігіңізді алып алғаныңыз дұрыс. Сырттан тамақ ішпедім деп саяxат жоспарыңыз бұзылып кетпейді. Қайта ақша үнемдейсіз. Саяxаттап жүріп бір апта ыстық тамақ ішпесеңіз ештеңе етпейді, ең бастысы аш қалмасаңыз болғаны. 5. Еркін болыңыз. Өзге елде жүргенде өзіңізді бәрнеше жылдан бері тұрып жатқандай көрсетіңіз. Егер турист екеніңізді бірден білсе сіздің қалтаңызды қағып түсіруіде мүмкін. Сауда жасағанда, таксиде, жалпы барлық уақытта саудаласа білуді үйреніңіз. Қалта ұрыларынан сақ болыңыз. Барлық заттарыңызды сенімді жерге қойып қарайлап жүріңіз. Құжаттарыңызды жаныңыздан айырмаңыз. Кез-келген уақытта қажет болып қалуы мүмкін. 6. Ыңғайлы шатыр.Жаз маусымында саяxат жасағыңыз келсе өзіңізбен шатыр алуды ұмытпаңыз. Қонақ үй табылмағын жағдайда немесе қымбат болған кезде уайымсыз таза ауада қалуыңызға да болады.
Ұмытпаңыз! Жеке балаңыз да, туристік агенттіктермен барсаңыз да құжаттарыңызға мұқият болыңыз!
Сізге сәттілік! Демалысыңыз жақсы өтсін!