Басты жаңалықтар
Компьютерлік программа тілін жақсы меңгерсең 342 мың теңге
- автор kyn.kz
- 16 шілде, 2019
- 218
Технологияның дамыған замамында техниканы меңгерсең қаражат табу мүмкіндігі өте жоғары.
Программист қызметкерлерінің жалақысы Қазақстан Республикасындағы орташа деңгейден асып, 342 мың теңгені құрады деп хабарлайды Finprom.kz- ке сілтеме жасай отырып KYN.KZ.
Программист саласындағы қызмет көрсету көлемі 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында 46,9 миллиард құрап, көрсеткіш бір жылда 38,7% өсті. Өткен жылғымен салыстырғанда физикалық көлемінің индексі 133,6% құраған болатын.
Компьютерлік программалау, кеңес беру және басқа да байланыс қызметтеріндегі мамандардың жалақысы орташа республикалық көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Былтырғы жылдың 1- тоқсанында 168,5 мың теңгеге болса, осы жылы көрсеткіш 342,8 мың теңге жетіп отыр. Сатып алу фактісі бойынша елімізде жалақы көлемі 5,2% -ды құрады. Ал, IT-секторында ол бірден 9,8% -ға жетті.
Компьютерлік программалауға қатысты қызметтердің үштен екі бөлігінен астамы (68%) шағын бизнеске - 32,1 миллиард теңге және жеке кәсіпкерлердің көрсеткен қызметі- 4,2 миллиард теңгені құрады. 5,9 миллиард теңгені ірі кәсіпорындар, 4,7 миллиард теңгенің қызметін орта кәсіпорындар көрсеткен.
Ауылдық жерлерде компьютерлік программалау қызметтерінің көлемі айтарлықтай 83,9% төмендеді. Бұл жылғы 119,2 миллиан теңгенің қызметі былтырғы қаңтар-наурыздағы қызметке қарағанда 0,3% кем (бір жыл бұрын - 2,2%). Осы саладағы қызметтер секторының жартысынан көбі программалау: 25,6 миллард теңгені құрап, көрсеткіш бір жылда 24% өсті.