Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үйленуден немесе тұрмысқа шығудан қорқатын жұлдыз белгілері

Үйленуден немесе тұрмысқа шығудан қорқатын жұлдыз белгілері
ашық дереккөз
Барлық қыз ертерек тұрмыс құрып, той көйлегін кигенді армандайды, ал еркектер арасында ертерек үйлену жайлы ойлайтындары тым аз.
Көбіне екі жұптыңда некеге тұрудан қашқақтап жүретіні белгілі. Ал жұлдыз жорамал мұндай белгілер жайлы не дейді? Егіздер(22 мамыр - 21 маусым) Бұл белгідегі жұлдыздар үшін неке өте маңызды мәселе. Сондықтан отбасы құру үшін лайықсыз адаммен бас қоса салмайды. Идеалдары мен уақытша қызығушылықтарының соңында жүріп, егіздер бір күні өзінің жалғыз екендігін түсінеді. Бірақ оларды бұл ойлары ешқашан қорқытқан емес. Олар үшін ұнатпайтын адаммен болғанша, өз-өзімен жалғыз қалған жақсырақ. Мерген(23 қараша - 22 желтоқсан) Тағы бір тәуелсіз жұлдыз белгісі - Мерген. Қарым-қатынастың өзінде олар еркіндігін сақтауға тырысады. Мергендер өзін жұптарының сол қалпында қабылдағанын қалай, олай болмаған жағдайда жолдары екіге айрылулары ғажап емес. Суқұйғыш (21 қаңтар - 19 ақпан) Суқұйғышты ең ұтымды белгілерге жатқызуға болады. Олар ақыл-ой тұрғысынан бәріне сай келеді. Ешқашан сезіммен неке құрмайды, эмоцияғада қарамайды. Ол үшін ақылмен шешім қабылдаған маңыздырақ. Олар некеден мән көрген кезде ғана үйленеді. Егер мағынасы болмаса, онсыз да өмір сүре береді. Тоқты (21 наурыз - 20 сәуір) Тоқтылар қыңыр, ренжігіш және өзімшіл келеді. Тоқтылар отбасыларының арасында жүрсе де өздерін жалғыз жүргендей әрекет ете береді. Сезіммен ертерек неке құрып кетуі де мүмкін немесе өзге біреумен тұрғанша жалғыз жүргенім артығырақ деген оймен де өмірін ары қарай жалғастырады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар