Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

21 мың теңгенің әлегінен шаршаған әйел әкімдіктің алдына екі баласын тастап кетті

21 мың теңгенің әлегінен шаршаған әйел әкімдіктің алдына екі баласын тастап кетті
ашық дереккөз
Жалғызбасты ана кезек пен бітпейтін құжаттарды жинаудан шаршаған
Әкім орынбасарынан көмек сұрап келген жалғызбасты ана екі баласын әкімдіктің алдына тастап кеткен. Бұл оқиға Шымкенттегі Абай аудандық әкімдігінде орын алған деп жазды KYN.KZ "Бұл оқиға өткен аптада жұма күні болған. Түскі асқа шығып бара жатқанымда ол келіншек төменде қабылдауда отырды. Қолында емізулі нәрестесі, қасында тағы екі кішкентай баласы болды. 5-6 жасар балалар-ау деймін. Жалпы, төрт бала-шағасы бар екен. Мен одан неғып тұрсыз деп сұрағанмын. Ол пәтер жалдап тұратынын және оған қарыз екенін жеткізді", - дейді әкімнің орынбасары Тілеш. Әңгімеден кейін көпбалалы ананың құжаттарын тиісті мамандарға беріп, тезірек қарауын сұраған. Солдан соң түскі үзіліске кеткен орынбасарға әріптестері көп ұзамай хабарласқан.Жалғызбасты анна екі баласын әкімдікке қалдырып өзі кетіп қалғандығын естіген ол, жұмыс орнына қайта келеді. Бірақ, ол кезде прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметкерлері келіп мәселенің мән-жайын анықтауға кіріскен. Жалғызбасты ана балаларына 21 мың теңгеден алған екен. Бірінші тоқсанда жалпы көлемі 220 мың теңге алған. «Пәтер жалдап тұрамын. Төлей алмай жатырмын. Азық-түлік жөніненде қиындықтарымыз бар», - деп мұңын айтқан анаға әкімдік көмек беретінін айтқан. Бірақ, сол жерде әйел «маған үй алып беріңдер», - деп ашуға булыққан. Тұрғын-үй басқармасына барып, кезекке тұруға кеңес берген қызметкерлердің сөзіне құлақ аспаған. Ал тергеушілер түсініктеме жазып беруді талап еткеннен соң жалғызбасты ана екі баласын алып, кетіп қалған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар