Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талдықорғанда ер адам әйелін не себепті өлтіріп, жертөлеге жасырып қойғанын түсіндірді

Талдықорғанда ер адам әйелін не себепті өлтіріп, жертөлеге жасырып қойғанын түсіндірді
ашық дереккөз
Күдікті полицейлерге қылмысты қалай жасағанын баяндап берді.
Талдықорған полицейлері 42 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен оның жұбайы қолға түсті. Алматы облыстық полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 шілдеге қараған түні жалға берілетін пәтерлердің бірінде адам өлімі орын алған. Ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шығып, ашуға берілген күйеуі әйеліне екі рет пышақ сұғып алған. «Қылмысты жасыру мақсатында кісі өлтірілгеннен кейін күдікті оның мәйітін жасыру үшін досын шақырған. Мәйітті күдіктімен оның досы тұрғын үйдің жертөлесіне жасырғаны анықталды. Адам өлтіру фактісі бойынша қажетті сараптамалар Талдықорған полициясының тергеушілеріне тапсырылып, сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі. Қалалық полиция департаменті күдікті қылмысты ас пышағымен жасағанын атап өтті. Бұл айғақты тәртіп сақшылары оқиға орнынан тапқан. https://www.youtube.com/watch?v=Zh88sqHTwVo  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар