Басты жаңалықтар
Серік Абас-Шах: Майғазиевті бас мүфти етіп сайлау керек
- автор kyn.kz
- 19 маусым, 2018
- 1.6k
Тележурналист қазақ қоғамына танымал азаматтардың белсенділігіне орай, оларды түрлі лауазымдарға тағайындап әжуалады
Отандық танымал журналист Дариға Назарбаевамен түскен суретін жариялап, өзін президенттің көмекшісі орнына қойды. Белгілі тележурналист астарлы әзіл әңгімесі арқылы, қоғамдағы танымал тұлғалардың әрекеттерін күлкіге айналтырды.
Журналист Дариға Назарбаева президент болып сайланса, оның көмекшісі болар едім дейді өзін. Тіпті ол мемлекетке пайдасын тигізер кеңестерімен де бөлісті.
"Дариға Нұрсұлтанқызы Мәңгілік Елдің Президенті атанса, "советник" қызметіне ойланбастан барар едім (шақыра қалса, әрине...)
Мемлекеттің су жаңа басшысына қай бір "совет" айтып қарық қыласың дейсіз бе? Қарық қылмаймын ғой. Бірақ, шамам жеткенше дұрыс сөйлеп, дұрысырақ ақыл бөлісуге тырысар едім. Мысалы...
1-ші ақыл: Сәкен Майғазиевті Бас мүфти етіп тағайындау.
2-ші ақыл: Тұрсенгали Алагузовты Премьер-Министр етіп (25 жылдық мерзімге) бекіту.
3-ші ақыл: "Бүркітті" "Эйр Астананың" басшысы етіп тағайындау.
4-ші ақыл: Мемлекеттің "ағып жатқан қарызын" өтеуді мемлекет есебінен байыған "бай-манаптың мойнына ілу".
5-ші ақыл: Қайрат Нұртастың мамасына "Самрұқ-Қазынаның" тізгінін ұстату.
6-шы ақыл: Карим Масимовке Ұйғыр театрының директоры қызметін ұсыну.
7-ші ақыл: Саят Медеуовті "мемлекеттік xатшы" етіп тағайындау.
8-ші ақыл: "Бездомный" Аxметжан Есімовке әншілердің концертімен "асар" жасап, кіп-кішкентай болса да "дом" салып беру.
9-ші ақыл: Астана Күнін 7-мамырға ауыстыру.
10-шы ақыл: Бас партияның атын "Да, Асар" деп өзгерту.
11-ші ақыл: Сенат пен Мәжілісті "Нұр Отан" партиясының аппарат құрамына енгізіп, Парламент штатын он екі есе қысқарту.
P.S. Әзірге, осы. Сіздермен кеңесіп отыруға уәде беремін. Жақсы идея болса, ұялмай жазып тұрыңдар.
(Желорда. 2016-ның маусымы)», - деп жазды.