Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Актриса Нұрбигүл бала күтіміне орай қарапайым халық жиі жіберетін қателіктерді атады

Актриса Нұрбигүл бала күтіміне орай қарапайым халық жиі жіберетін қателіктерді атады
ашық дереккөз
Нұрбигүл: Жеміс жеңіз, бала ісініп, бөртпе басып кетеді деген қате түсінік
Жақында ғана ана атанған отандық танымал актриса желіде оқырмандарымен бала күтіміне қатысты қарапайым халық жиі жіберетін қателерді атады.  Нұрбигүл ана атанғанына енді  қырық күн болмаса да ізденіп, нәресте күтімі мен анасы тұтынатын тағамдарды қалай қолдану керектігін зерттеген,- деп хабарлайды KYN.KZ «40нан шықпаған баланың анасына жеміс-жидектер, көкөністер жеуге бола ма? Әсіресе жаңадан ана атанғандарға. 40 күн сүт пен шай, сорпа іше беру мүмкін емес. Өзім мүлдем шай ішпейтінмін алғашқы күндері екі аяғым ісіп кетті. Қорыққаннан жылап алдым. Бір түсінгенім бәрін жеуге болады. Тек бірден емес, аз аздан жеп көріңіз! Баланың үстіне бөртпе шығады, іші өтеді, ісініп кетеді дегеннің бәрі ол қате түсінік''!!! Ең алдымен ол біздің ішкі қоршқынышымыз. Содан арылсақ бәрі де жақсы болады», - деп жазды актриса. Нұрбигүлдің жазбасына оқырмандардардың бір тобы  «Сәбиіңіз құтты болсын!» деп тілек білдіріп жатса, енді бірі өз басынан өткен оқиғасыен бөлісті.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар