Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өмірде адамдарға көмектесуге болмайтын жағдайлар

Өмірде адамдарға көмектесуге болмайтын жағдайлар
ашық дереккөз
Ғалымдар адам табиғаты альтруизмге тән екенін дәлелдеді. Сондықтан да кейде өзімізге зиян келсе де адамдарға көмектесуге тырысамыз.
Кәсіби қызметтеріңізді тегін көрсетесіз  width= Кейде сіз мынадай жағдайларға тап болуыңыз мүмкін, мысалы сіздің жұмысыңызға байланысты көмек сұрап келеді . Жалпы алғанда: «ол сен үшін не тұрады?». Бұл әсіресе шығармашылық мамандықтардың өкілдеріне қатысты: суретшілер, жарнама берушілер, журналистер, дизайнерлер. Адамдарға бұл жағдайда тегін көмектескеніңіз арқылы сіз өзіңіздің біліміңіз бен дағдыларыңызды жоғалтып қана қоймай, сонымен қатар осы уақытта басқа адамға қызмет көрсетіп табуға болатын ақшаңызды жоғалтасыз. Сапалы жұмыс  width= «Неліктен адамдарға көмектесуді тоқтаттым және сіздергеде кеңес беремін?» мақаласының авторы Кемми Фам дұрыстап жасай алмасаңыз көмек берудің қажеті жоқ деп жазады. Мысал ретінде, ол мынадай оқиғаны айтып берді. Бірде оның ата-аналары шетелге кетеді және одан гүлдерге қарап тұруын сұрайды. Бірақ Кемми Фам өсімдіктерге күтім жасай алмайды, сондықтан олардың кейбіреулерінің түбі тым ылғалдынып, ал кейбіреулері тым құрғап кеткді. Оның пікірінше, егер ол гүлдерге дұрыс қарай алмайтындығын ашық мойындағанда , оның ата-анасы гүдерге жақсы қарайтын адам табар еді. Үнемі біреуге ақша бересізбе?  width= Кәсіпқой қайыршылар, әрдайым ештеңе жетпей жүретін достар, туыстар- бұл адамдардың бәріне жоқ деп айтып үйренуі керек. Олар дайын қайырымдылықта өмір сүруге үйренген және сіздің көмектесетініңізді біледі және бұндай жағдайды өзгертуге, өздері ақша табуға тырыспайды. Көптеген адамдар тіпті қиын жұмыстан ба бас тартады, олар өздеріне көмекке берілетін қаржыға сеніп алған. Өз ақшаңызды бағаламайтын адамдарға жұмсаңыз. Қайырымдылық өз мақсатын ақтамайды  width= Зиянды қайырымдылық - ең алдымен мұқтаж адамдарға көмектесу үшін емес, өздерінің амбицияларын орындауға бағытталған, науқас балалар мен жануарларға қаражат жинайтындар арасында құтқарушының бейнесіндегі алаяқтар. Мұндай қайырымдылық қорларына мән жайды толық білмей жатып ақша аудармаңыз. Ауру балалардың суреттерін көріп әсерленіп кетіп алаяқтарға ақша аударып жіберуіңізде мүмкін. Осылайша сіз өзіңізге сенетін мұқтаж жандарға емес, біреудің қайғысынан пайда көретін адамдарға көмек бересіз. Артық көмек - артық салмақ  width= Балаға үнемі көмек көрсету өзіне және басқаға да қауіп төндіреді. Ол үшін барлығын сіз жасау керек сияқты көрініп тұрады. Егер ол қиындықтарды өз бетінше жеңе білмесе және әлемде бәрі өзі қалағандай болып жүрмейтінін түсінбесе, онда кейіннен фрустрация жағдайына жиі ұшырауы мүмкін. Айтқаны болмаған бала, стресс, көңілсіздік, ашуланғыш, тітіркену секілді жағдайды бастан өткізеді. Кейіннен фрустрация тіпті депрессияға әкелуі мүмкін.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар