Басты жаңалықтар
Қостанайда сәбиін автовокзалға тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр
- автор kyn.kz
- 19 маусым, 2018
- 293
Келіншек бір жарым жасар баласын ана мен бала бөлмесіне тастап кеткен
Қостанай автовокзалындағы ана мен бала бөлмесінен бір жарым жасар сәби табылды, деп хабарлайды KYN.KZ облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға кеше сағат 20.30-дар шамасында болған. «102» пультіне автовокзалдағы ана мен бала бөлмесінде сәбидің жалғыз жатқаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына ювеналды полиция мен жедел қызмет мамандары жұмылдырылды».- делінген ведомствоның баспасөз қызметі. Сәбиді автовокзал күзетшілері байқаған. Ол шамамен бір жарым жаста. Оның қасында ауыстыратын киімдері салынған екі пакет болған. Осы іске қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Сәбидің анасы іздестіріліп жатыр.