Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақбота Керімбекова жалаңаштанып ауыз ашты деп сынағандарға жауап берді

Ақбота Керімбекова  жалаңаштанып ауыз ашты деп сынағандарға жауап берді
ашық дереккөз
Әнші: Біз де білеміз ғой салт-дәстүрді. Аллаға шүкір көзіміз ашық
Жақында жалаңаш киіммен ауыз ашқан жұлдыздардың видеосы ғаламторда қызу талқыға түскен еді. Даулы роликті желіге жүктеген Керімбекова болатын. Әншінің инстаграмдағы бейнежазбасында ауызашарда отырғандарын айтқан. Алайда, өнер адамдарының бұл қылығына ашынған халық, жағымсыз жазбаларды қарша жаудырғаны бар. KYN.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Ақбота Керімбекова болған жайды еш бүкпесіз баяндап берді.   «Біз шешініп ауыз ашқан жоқпыз. Киіммен ауыз аштық. Ауыз ашып болғаннан кейін біз киімімізді ауыстырып, содан кейін барып отырдық. Шомылатындар шомылды, бассейнге түсті. Мен өзім ол жерге кешігіп келдім. Мен халық дәл солай ойлайды деп ойлаған жоқпын. Кез-келген есі дұрыс адам, ауызды киіммен ашады ғой. Ойымда ештеңе жоқ. Отырыстың ортасында салғанмын видеоны. Елдер басқаша ойлап қалыпты. Халыққа айтайық, дұрыс түсінсін. Біз де білеміз ғой салт-дәстүрді. Аллаға шүкір көзіміз ашық. Ол жерге шынайы ниетпен бардық. Бізді қонаққа шақырған жер. Егер жаман ойымыз болса, басқа ниетіміз болса мен салмас та едім ғой. Сол себепті халық тоқ етерін біліп қана шулау керек еді. Бізді шақырған кісілерге жарнама болсын деп салдам. Ал, олардың өнер адамдары келсе деген ниеттері болды», - дейді Ақбота Керімбекова. Ақбота түсірген даулы видеода Нұрлан Еспанов, Асхат Тарғынов сынды танымал әнішілерді де байқауға болады. Шуға айналған жазбаға қатысты «Чип-чип» хитінің орындаушысы да халыққа жағдайды ашып  түсіндіруді жөн көрді. «Ауыз ашып болғаннан кейін бізді бассейнге алып келді. Негізі ауыз ашқан жерде бөлек дастархан жайылған. Ал бассейнге тек су мен соктарды ғана алып келді. Ол жерде мен ешқандай жалаңаш күйде жүрген жоқпын. Үстімде киім бар. Қалғандары қысқа шалбар киіп, денелеріне орамал жауып жүрді. Әйелдер көйлекпен отырды. Ақбота ауызашарға шақырған адамдарға алғыс айтқысы келген. Ақпарат дұрыс жетпегеннен кейін халықты да кінәлай алмаймыз. Халыққа айтарым оған сенбеңіздер. Біз жын-ойнақ салатын жерде жүрмейміз», - дейді Асхат Тарғынов. Видеоның авторы Ақбота өзінен кеткен ағаттықты толықтай мойындап отыр. Жұрттың наразылығын тудырған Керімбекова көпшіліктен кешірім сұрады. «Енді әрине, кім болса да сол видеоны көрсе жаман ойлап қалатын еді. Мен де солай ойлайтын едім, бәлкім. Инстаграмға салғанда жағымсыз пікірлер жазылды әрине. Халыққа қарсы шықпаймын, олардың ойы орынды. Әр сынның да өзіндік орыны болады. Бірақ мен ескертуді жазбағанмын. Енді әрқайсына түсіндіріп, айтып отырмайсың ғой. Бізден кеткен қателік, сол басында ескертілмей жүктеп жіберіппіз. Келе салып, тыржалаңаш ауызашты деген ой кетіп қалды. Анықтама бермегенім үшін кешірім сұраймын. Енді әр нәрсені аңдып, анық басамыз ғой. Адам болғаннан кейін неше түрлі кемшіліктер болады. Түсініспеушіліктің арқасында дау туғаны рас», - дейді Ақбота. Естеріңізге сала кетсек, интернетті дүрліктірген видео Рамазан айының бір күнінде таспаланған. Өнер жұлдыздары Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде бассейнге барып, қонақ болып қайтқан болатын.   KYN.KZ  сайтының талабы бойынша материалды көшіріп басатын болсаңыз, басындағы 5 сөйлемді өз сайтыңызға жаза аласыз. Қалғанын KYN.KZ сайтынан оқисыз деген сілтеме беру міндеттеледі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар