Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ОҚО-да мектеп бітіруші түлек менингиттен қайтыс болды

ОҚО-да мектеп бітіруші түлек менингиттен қайтыс болды
ашық дереккөз
Көз жұмған жасөспірім бір үйдің жалғыз баласы болған
Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп бітіруші түлектің менингиттен қайтыс болғаны расталды.Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жария етілді деп хабарлайды KYN.KZ Шымкентте 15 маусымда көз жұмған мектеп бітірушінің ажалы менингококты инфекциядан болуы мүмкін деп хабарлаған болатынбыз. Сол күні таңғы 6 жарым шамасында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен 18 жастағы жігіт тура 40 минуттан соң қайтыс болды. Дәрігерлер менингококты инфекция жұқтырған деген болжам айтқан болатын. Ал нақтысы марқұмның ағзасын толық тексеріп шыққан соң ғана белгілі болмақ делінген. Көз жұмған жасөспірім бір үйдің жалғыз баласы болған. Мектепті биыл бітірген ол дәл бүгін аттестат алуы керек еді. Айта кетсек, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2018 жылдың басынан бастап менингококк жұқпасына қатысты 62 оқиға тіркелді, оның ішінде стационарлық емдеуде 7 адам, 42 адам шығарылған және 13 жағдайда өліммен аяқталған. Алматы қаласында - 6 факті, Алматы облысында - 3, Оңтүстік Қазақстан облысында - 3 және Қызылорда облысында - 1 оқиға тіркелген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар