Басты жаңалықтар
Ата-анасымен қонаққа келген бір жарым жасар баланы ит талап өлтірді
- автор kyn.kz
- 19 маусым, 2018
- 333
Ол бірнеше сағаттан соң қайтыс болған
Мәскеу маңындағы Коломна қаласында ата-анасымен қонаққа келген бір жарым жасар баланы ит талап өлтірді деп хабарлайды KYN.KZ Ата-анасымен бірге қонаққа келген кішкентай баланы ит талаған. Артынша бала бірнеше сағаттың ішінде ауруханада көз жұмды.
Жауапты органдардың мәліметінше, төтенше жағдай фактісіне «абайсызда өлімге әкеп соқтыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Анықталғандай, оқиға болған сәтте бала аулада, ал ит темір торда болған. Алайда ит қоршаудан шығып кетіп, балаға тап берген. Ит басын талап тастаған. Баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізгенімен, ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмды.
Келесі мақала