"Негр" сөзінің мағынасын білмей, біреуді ренжітіп алмаңыз.
21 ғасыр толеранттылық пен саясаттың дамығанын дәлелдеді. Адамдар нәсілдікке, дініне байланысты дәрежелерге бөлінбейді. Барлығы тең құқылы. Біздің еліміз іөп ұлтты мемлекет. Барлық ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Десе де, біздің қоғамда афро-америкалықтарды көргенде таңырқай қарап, "негр" деп күле қарайтындар бар. "Негр" деген не мағына? Неге олай атауға болмайтынын бізден оқып біліңіз.
"Негр" - орыс тілінде африкалық тамыры бар адамдардың аты. Латын тілінен шыққан "niger", бұл аудармада"қара" дегенді білдіреді. Бұл атау ХХ ғасырдағы нацизмның кезінде белең алды. Барлық елде осылай аталып кетті: испан тілінен "negro "көптеген еуропалық тілдерге көшті, ағылшынша " negro, nigger ", швед тілінде " neger", фин тілінде "neekeri".
1960-шы жылдардың соңында Америкада "nigger" және "negro" сөздері ресми түрде қорлайтын және қоғамда орны жоқ адам деп айтылған. Оларды "негр" атап қана қоймай, ұзақ жылдар бойы құл ретінде пайдаланып, жан-жақты қысым жасаған. Оларға ақ нәсілділермен бірге көлікпен жүруге, бір мектепте оқуға тыйым салынды. Афроамерикандықтардың құқығы үшін күрес тек өткен ғасырдың ортасында басталды.
Бүгінгі күні "негр" сөзін айтатын болсаңыз қоғамдық резонанс тудыруы мүмкін. Қазір барлық БАҚ- та "African american"-"африкандық-америкалық" дейді. Ағылшын тілінің бүкіл әлемге ықпалының күштілігі осындай сөзі бар көптеген дамыған елдер, соңғы 20-30 жылда "негр" сөзінен бас тартып, бейтарап нұсқаларды іздейді.
Сізде оларды көрген кезде африкандық, америкалық деп немесе жәй ғана Мистер, Мисис деп атауыңызға болады. Өйткені, сіз көшеде ақ нәсілді шетел азаматын көрсеңіз оған "ақ нәсілді" деп атамайсыз. Олай болса "қара нәсілді" деп те атамауыңыз керек. Егерде ол досыңыз болса өз есімімен атағаныңыз дұрыс болады.
Келесі мақала