Бұл кез-келген қыз — бұл terra incognita, ер адамдар оны түсінбей жүреді. Шын мәнінде әйел табиғаты жұмбақпен қарама-қайшылықтарға толы. Бірақ ұқыпты ер адам артық сөз айтпай-ақ ол қыздың қандай екенін түсінуіне болады. Ол үшін "Әйелдер нені қалайды (Чего хотят женщины)" комедиясындағы Мел Гибсон қабілеттеріне ие болу міндетті емес. Біз сізге мұны қалай жасауға болатынын айтып береміз.
Ол үшін өмірлік құндылық деген не?
Кез-келген адамның өмірлік құндылықтарын ішкі компас деп атауға болады. Ол жылдық демалысында құрбыларымен клубқа, киноға барғанды жақсы көреді ма? Әлде үйге жиһаздар алып шет елге қыдырғанды ұнатады ма? Ол үшін не маңызды? Сырттағы адамдардың пікірі ме, әлде өзіне жақын дүние ме? Сөзіне қарап емес жасаған іс-әрекетінен адамды таныңыз. Егер сіздердің өмірлік ұстанымдарыңыз сәйкес келмесе оған қапаланбаңыз. Бірақ сіз ұнатып жүрген ару мансабын бірінші орынға қойып, жарты әлемді аралап жүруді армандайтын болса, ал сіз үйлену тойынан кейін бірден жайлы үй және жұп бала болуды жоспарлап отырсаңыз, осындай қарым-қатынаста ымыраға келуге дайын болыңыз.Ол жоспарлағанды ұнатады ма кездейсоқтықты ма?
Ұнатып жүрген қызыңыздың демалысты қалай өткізетінін елестетіп көріңізші. Ол алдын ала немен айналысуды жоспарлайды ма, әлде барлығын жағдайдың еркіне кіргізеді ме? Ол өз тәртібін өзгерту оңай ма немесе оның әдемі күнделігіндегі тармақтар бойынша жазылған қатаң жоспарды ұстанады ма? Егер ол жоспарсыз кез-келген уақытта өзгере беретін болса қарым-қатынасқа да сенім жоқ. Бір ғана күнін ойлап өмір сүретіндерден аулақ болыңыз. Болашаққа жоспары, мақсаты жоқ адам қиын жағдайда қасыңыздан табылада алмайды. Бірақ, тек жоспарсыз өмір сүре алмайтындарды айтып отырғанымыз жоқ. Бүгінгі күнін сағат, минутымен есептеп, басқа шаруа шаға қалса бұрыла алмай қалатындардан қашыңыз. Өйткені, ондайа адамдар ертеңгі күні жоспарсыз қалып қойса шешім қабылдауы қиынға соғады. Жоспар: демалыс күндерге, белгілі уақытта бітіру керек шаруаларға, болашағыңызға құрылады. Күнделікті таңнан кешке дейінгіні тізіп жүру жоспар емес, тәуелділік. Америкалық ғалымдардың айтуынша: кейде жоспарланбаған күнің қызыққа толы болады.Қиындықты қалай қарсы алады?
Өмір - бұл көңілді аттракцион: кей жағдайда басыңыз айналады. Тік шыңдармен және қауіпті сәттер болады. Айырмашылығы өмірде бізді ешкім проблемалар мен қиындықтардан сақтандырмаған. Қиындыққа сіздің қызыңыз қалай жауап береді? Эми Ли Ива (Amy L.Eva), Беркли қаласындағы Калифорния университетінің психологі, стресстік жағдайлар — бұл өз тәжірибесін үйретіп, ішкі күштерді жігерлеп, мотивация беріп, ойыңызды жинақтау мүмкіндігі. Ал, сіздің құрбыңыз мұндай жағдайда не істейді? Үлкен кедергіге тап болды, жұмыстан шығып кетті, жақындарымен ұрысып қалды немесе көптен күткен бір ісі алға баспай қалды. Оның әрекеті қалай болмақ? Әр адам стрестен өзіне ыңғайлы жолмен, бастысы шынайы болмысымен құтылады. Күні бойы жылап, құрбыларына шағымданып, шарап ішіп, истерика шығарады ма? Олай болса, ол қыз сіз үшін жаралмаған деп біліңіз.
Туыстарымен қарым-қатынасы қандай?
Психолог Джон Нортман: "отбасына деген сенімділік пен махаббат адамды бақытты етеді. Психологиялық, физикалық тұрғыда сау болады", - деген. Отбасының әр адамы, Отбасымен қарым-қатынасынан қыздың мінезін біліңіз. Ата-анасын сыйлап, бауырмал, жанашыр болса сіздің туыстарыңызбен де солай араласатынына күмән келтірмеңіз.Басқа адамдармен қалай араласады?
Қызды сипаттайтын өте маңызды сәт - оның басқа адамдарға қатынасы. Екеуіңіз кафеге келгенде даяшымен қалай сөйлескеніне назар аударыңыз. Дүкендегі сатушымен, көшеде жол сұраған адамдармен қалай сөйлескеніне қарап мінезін біліңіз. Біз айналамыздағы адамдарды олардың мәртебесі мен қоғамдағы жағдайына қарамастан құрметтеуге тиіспіз. Егер сіздің қызыңыз өзгелердің тағдырын талқылауға және олардың кемшіліктеріне күлуге мүмкіндік берсе, бұндай жан қиын сәтте сіздіңде өміріңізді өзгелермен талқылауы мүмкін.Бос уақытын қалай өткізеді?
Елестетіп көріңізші: сіздің қызыңыз кеш бос болды, ал сіз шаруаларыңызбен жүрсіз. Ол уақытын қалай өткізеді? Клубқа барып және таңға дейін қыдырады ма? Дәмді тағамдар мен сүйікті серияның жаңа маусымын қарап үйде жатады ма? Немесе жақын маңдағы саябаққа серуендеуге барады. Фредерик Бегбедер (Frédéric Beigbeder) өзінің "99 франков" романында адамға қандай да бір хобби қажет екенін жазады. Сіздің қызыңыз өз уақытын қалай өткізетіні оның дүниетанымы, сипаты мен әдеттері туралы айтып тұрады. Сізге осындай өмір салты ұнайды ма немесе сіз оны "қайта тәрбиелеу"қалай тырысасыз? Егер сіз ұнатып жүрген қызыңыздың қалай демалатынын ұнатсаңыз, онымен жоспар құруға қуана дайын болсаңыз, бұл қарым-қатынас үшін үлкен плюс. Ал, егер ол сіздің қызығушылығыңызды бөліссе - сіздің ешқашан ішіңіз пыспайды.Қаншалықты эмоционалды?
Иә, қыздар жігіттерден әлдеқайда эмоционалды. Бірақ сіздің қызыңыз эмоциясымен мен мінез-құлқын қалай басқарады? Қыздарды кез-келгенкішкентай деталь таң қалдыра алады. Егер жұбыңыз көшедегі үйсіз жүрген мысықты көріп жыласа, сарғайып жатқан жапыраққа қарап: "өмір өтіп бара жатыр", - деп қайғырса, мұндай қылығына дайынсыз ба? Тым әсершілдік кері әсер әкеледі. Өмір спектакль емес. Барлығы сіз ойлағандай өзгере алмайды. Сондықтан эмоцияны басқара білген қызды өмірлік серігіңіз етсеңіз өкінбейсіз.Өзінің келбетіне қанша уақыт бөледі?
"Жігіт көзбен жақсы көреді" деген фраза барлық қыздың миында жазулы. Осыны тікелей қабылдап бар қарсжысын өз келбетін өңдеуге жұмсайтын қыздар көп. Өз келбетін ұнатпай өзгеріс енгізіп жатқандар да аз емес. Шынында жігіттерге өзіне күтім қарап жүретін қыздар ұнайды. Бүгінгі қоғамда Дориана Грея синдромы белең алып кетті. Барлық қыз атаулы мәңгілік жас көрініп, жарнамадағыдай өмір сүргісі келеді. Бірақ, бұл әдет оның өзін төмен санауына алып келеді.Қаншалықты ақылды және білімді?
Сіз сүйіктіңізбен көбінде қай тақырыпта сөйлесесіз? Оны өз достарыңызбен, ұжымыңызбен жиындарға шақырасыз ба, әлде, артық сөйлеп қояды деп қорқасыз ба? Сіздің қызыңыз "Реалда" неше ойыншы барын, олардың есімдерін біліп, ғылыми эксперименттер жасап, Рубик текшелерін минутта құрастыруға міндетті емес. Жай ғана өзін еркін ұстап, сұрақтарға ақлмен жауап қайтарып отырса жеткілікті. Соңғы зерттеулер бойынша қараым -қатынас барысында қыздың IQ деңгейі емес, эмоциялық интеллекті маңызды. Қаншалықты сізді түсіне алады, қиын жағдайда қалай ақыл қоса алатыны маңызды. Егер, сіз қазір қызыңызбен кірпікті қалай өсіру керектігін уайымдап, диета уақыты жайлы, оның сүйікті әншісінің жаңа таспаларын талқылайтын болсаңыздар, бұл қатынас көпке созылмасы анық. Келесі мақала