Басты жаңалықтар
Қонақтарды таң қалдырмақ болған жігіт өзіне пышақ сұқты
- автор kyn.kz
- 19 маусым, 2018
- 357
22 жастағы жігіт өз-өзіне пышақ сұғып өлді
22 жастағы ұлыбританиялық жігіт қонақтарын таң қалдырамын деп жан тәсілім етті деп хабарлайды KYN.KZ Ұлыбританияда қайғылы оқиға болды. Британдық еркек үйіне қонақ шақырып, олардың алдында пышаққа қарсы "керемет" кеудешені көрсетпек болған. Сосын кеуде тұсына пышақ салып қалған. Таң қалдырамын деп ақыры қонақтарының алдында жан тәсілім етті.
Қаза тапқан жігіттің жасы 22-де, есімі - Джардан Истон. Бірнеше күн бұрын ғана туған күнін тойлаған екен. Жігіт өзінше кеудесіне пышақ салып, қонақтарды шошытып, алдамақ болып жоспарлаған. Ол пышақ жарақатынан қорғайтын арнайы кеудеше киген. Дегенмен ол кеудеше мықты болмай шықты. Джордан өзіне жасаған жарақатынан қаза тапты. Дәрігерлер қаны тоқтамаған британиялықты құтқара алмады.