Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алмазбек Атамбаев ұсталды

Алмазбек Атамбаев ұсталды
ашық дереккөз
Ұстау операциясы кезінде 52 адам зардап шекті. Арнайы жасақтың бір қызметкері қаза болды.
Ол қарауыл жасағымен Бішкекке бара жатыр деген ақпарат тарады. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ұсталды. Оны қарауыл жасағымен Бішкекке алып бара жатыр, деп хабарлайды  құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Бейсенбі күні Атамбаевқа қарусыз адамдарға оқ атты деген ресми айып тағылды. Бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы президенті қылмысын өтеп жүрген Азиз Батукаевтың заңсыз бостандыққа шығуына қатысты жауап алуға шақыртылған болатын. Атамбаев жауап алуға барудан бас тартты. 7 тамыз күні кешке Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы үйіне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Экс-президенттің резиденциясы орналасқан ауыл Бішкек қаласынан 20 шақырым қашықтықта. Атамбаевты ұстау операциясын елдің мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы жүргізген. Олар бұрынғы президенттің үйінің ауласына баса-көктеп кіріп, резеңке оқпен ата бастаған. Күш құрылымдарының әрекетіне жауап ретінде Атамбаевтың жақтастары үйге кіріп, арнайы жасақ сарбаздарын кепілге алған. Жергілікті тұрғындар мен Атамбаевтың жақтастары арнайы жасақ сарбаздарына тас лақтырып, жағдай ушыға түсті. Артынша атыс басталды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар