Жарылыс салдарынан жергілікті тұрғын аяғынан жарақат алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Арыстағы жаңа төтенше оқиға – қоқысты өртеу кезінде белгісіз зат жарылып кетті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.
Оқиға салдарынан жергілікті тұрғын зардап шеккен – ол аяғынан жеңіл-желпі жарақат алды.
Жарылыс бейсенбі күні сағат 18.15-те болған. "Үй ауласында қоқысты өртеу кезінде белгісіз зат жарылып кетіп, салдарынан үй иесі жеңіл-желпі жарақат алды. Оқиға орнында барлық жауапты орган жұмыс істеп жатыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң жәбірленуші үйіне қайтты", - деп жазды Қалқаманов Facebook желісінде.
Келесі мақала