Ғалымдар тіпті кір жуу процесін де назардан тыс қалдырмайды. Біріншіден, олар "екінші шұлықтың"жоғалып кету ықтималдығын болжауға мүмкіндік беретін арнайы формуланы әзірледі. Екіншіден, сауалнамаға сәйкес, ересек адамдардың басым бөлігі кір жуғыш машинаны қалай пайдалану керек, не басу және тазалау құралдарын қайда құю керек екенін білмеген. Осылайша, іс жүзінде жуу оңай емес процесс болып табылады, оған ерекше көзқарас қажет. 1. Дақтарды белгілеп жүріңіз Егер киіміңізге дақ тиіп, оны дер кезінде жууға уақыт болмай қалды ма? Ондай жағдайда белгі қойыңыз. Мысалы, жеңіне тиген дақты байлап қойсаңыз ұмытпайсыз. кір қыстырғышты сол дақтың үстінен белгі етіп қоюға болады. 2. Жағаңызды шампуньмен жуыңыз Сусабын немесе ыдыс жууға арналған құрал - майды кетіреді. Ал, апта бойына киіп жүрген киімнің жағасы ластанғанда, кейде екі рет жууға тура келеді. Ондай кезде, кірлеген жағаға аталған екі құралдың бірін жағып 15 минут қойып қойыңыз. Содан соң, кір машинасына салыңыз. Жағаңыз бір жуғанда тазарғанын байқайсыз. 3. Киімге тиген сияны шашқа арналған лакпен кетіріңіз Киімге сия тисе щеткамен тазалай жөнелеміз. Соңы нәтижесіз аяқталады. Бұл қиындықтан сізді шашқа арналған құрал құтқара алады. Ол үшін лакты сия төгілген аймаққа сеуіп, шүберекпен сүртіп тастаңыз. Бұл киіміңіз үшін пайдыл. Басқа киімдерге жұқпайды, киім жарамсыз деп тастамайсыз. 4. Шашқа арналған кондиционер киімді бастапқы қалыпқа әкеледі Созылып кеткен киімді 1/4 стакан шаш кондиционеріне салып қойыңыз. 20 минуттапн соң алып жуатын болсаңыз, киім бастапқы қалыпқа оралады. 5. Кофе немес шәй қанық түстер үшін Кофе мен шәй табиғи бояу. Қара, қоңыр сияқты қанық түстерге қояып жусаңыз түсі реңделеді. 6. Балғындыққа арналған эфир майы Эфир майының мөлшері көп болған сайын балғындық иісті шығару күші артады. Лимонды эфир майы дақтарды кетіреді. 7. Мұз кубиктары киімді қыртыстамайды Заттардың мыжылып қалуын болдырмас үшін кептіру режимінде құрылғыға тым көп кір салмаңыз. Киімді тегістеу үшін барабанға бірнеше мұз текшелерін қосуға болады.
Келесі мақала