Басты жаңалықтар
Индира Расылхан алғаш рет күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты (фото)
- автор kyn.kz
- 28 қараша, 2019
- 976
Әнші:Депрессияның көкесін көрдім. Жылау, өкініш, басты тасқа ұру менде болды.
Әнші Индира Расылхан күйеуімен ажырасып жүрген жылдары көрген қиындығын ашық айтты. Оның сөзінше ажырасу мен отбасындағы түсініспеушіліктің барлығына өзі кінәлі. Халықты әнімен өзіне қаратқан әнші бұл жолы қазақ келіншектеріне өмірі сабақ болсын деген болар, бәрін ашық айтуға бекінген, деп жазды KYN.KZ.
"Әйелдің бақыты мен байлығы отбасында деп көп естідік, білеміз де,бірақ шыдам жетпей кететін кезде, қолды бір сілтеп, теріс бұрылып кететініміз де рас. Өздеріңіз өз аузыманан естігендеріңіз, соңғы 1,5 жылда отағасымен бірге еместігім еді.
Екеуміз екі жаққа кеткендегі мен үшін ең ауыр тигендігі, 15 жыл уақытымның босқа өткендігі деген ойдың мазалауы еді. Жолдасыммен өткен 15 жыл уақытымды, мен неге басқаша өмір сүрмедім деген ой мені күннен күнге қажытқаны өтірік емес. Деперссия, жылау, өкініш, басты тасқа соғу және т.б. Депрессияның көкесін бастан өткіздім.
8 ай бойына мен ешнәрсе жасамадым десем де болады. Күніге таңым атып, күнім батып жатты. Бала- шағамен әкелерінің хабарласып жатқанын да біліп жүрмін ғой, бірақ қу көкірек жібермей, оған көрсетпеудің амалымен сөйлеспеймін деген шешім болды.
Арада ұрыс-керіс болмаған соң, сөйлеспеудің де амалы жоқ екен. Арамызда достық орнағандай сезімде болып жүрдім. Сонымен не керек, не үшін бөлек кеттік, не үшін олай болды, сол сәтте мені қызықтырмады да. Себебі менікі өзім үшін дұрыс еді.
Алматыға барған сайын маманың (енемнің) үйіне барып, халін біліп тұрдым. Ол кісі де әйел адам ретінде маған түсініп- ақ қарайды- ау?! Бірақ ұлының хәлі мазасын алып жүргендігін жасырмады. Әр барған сайын, мәмілеге келуімізді өтінді. Мен арасында алдап қойып жүрдім. -Мама, уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, - деп.
Каникул сайын балдарды Алматыға әкеліп, мамаға көрсетіп те жүрдім.
Енді, ойлашы, өзің депрессиядасың, күйеуің сенен кешірім сұрамайды, барсың ба, жоқсың ба мән бермейді. Ол деген маған қатты ауыр тиді. Өзімше ішімнен сөйлеп қоям ғой, көкіректігін басқа біреуге көрсетсін деп. -Ай, әйелдер ай,- деп ішінен басын шайқап, талай айтқан болып тұр ғой иә?!
Сонда да ол кінәлі мен үшін. (ойым ғой әлгі жерде.
Бір күні, бұлай болмайды деп өзіме көптеген сұрақтар қоя бастадым. Жұмыс қалды жайына. Бала- шаға екі ортада алаңдап жүргенін көрсем де, білдірмеймін ғой әрине. Содан үлкен қызымның біреуі менің ойымның дұрыс еместігі жайлы бетіме айтып тастады. -Қалай болғанда да, мен папамдікі дұрыс деймін,- дейді. Ал оған жата қалып тағы да жылайын.
Не керек, психологияға солай жәймен келдім ғой. Әйелдің қалай болуы керек екендігін жәймен түсіне бастадым. Өзімнен кінә іздей бастадым. Алғашында мойындау қиын болды әрине, сосын өзімнен кеткен қателіктердің салдарынан туындаған жайсыздықты түсіндім.
Ол жайында алдыңғы посттарда жазған болатынмын. Балалық шағымның қалай өткені жайлы оқысаңыздар түсінесіздер.
Лидерлік қабілет басым болғаннан деп бір ауыз сөзбен түйіндей салайыншы. Лидерлікке жолдасым таласып та көрген жоқ, бірақ іштей өзін жегендігін түсіндім.
Иә, ер адамның қабілетін өшіре салу біздің қолымыздан келеді, бір ауыз сөзіміз жеткілікті. Сол бір ауыз жаман сөз өшірсе, бір ауыз жақсы сөз алға ұмтылдыратыны сөзсіз. Бәлкім көп нәрсені саналы түрде жасаған да жоқ шығармын, бірақ менің бар кінәм, авариядан кейін оның әйелі емес, анасына айналып кеткендігім екен.
Арада алғашқы баланс солай бұзылды. Содан мен қорғаштап, ауыр көтермесін деп көп жұмысқа шықпауын қаладым, қорғаштау арқылы ұзақ отыратын жұмысқа жарамайтынын ойына сала бердім. Ал соңында , оны қорғаштау арқылы қорқынышты санасына орнатып берген екенмін.
Содан баланс быт- шыт болып бастады. Еркегін қимылдатпай бәріне өзі жүгіретін әйел, жәймен ер мінезділікке ауысады екен. Баяғы нәзік Индира жоқ, бұрынғы жылап аяушылық сезімді оятып алатын Индира жоғалған. Сөйтіп жүріп 15 жыл уақыт өтіп кетіпті. Аяғында кім жаман , Индира жаман болып шыға келдім.
Бір жақсы қасиетімді айтып қояйыншы, қанша өзімдікі дұрыс деп ойласам да, Асекеңмен ұрысып көрмеппін. Ол да маған ұрысып көрмепті. Себебі біз үшін әрқашан сыйластық маңызды болатын.
Әйелдік нәзіктікті, әйелдік орынымды білген сайын, енді неге ажырастым деген ой мазалай бастады. Оны энергия арқылы ол да сезген сияқты.
Жасырып жүрген өмірімді ел алдына шынайы сұхбат беріп, өзімді еркін сезінгендігім де бар. Себебі шынайылықты қабылдап, өзіңнің өмірің үшін, өзің ғана жауапты екендігіңді білгенде ғана ашылады екенсің. Сол интервьюдан соң көп ұзамай- ақ, Асекең мені кешкі асқа шақырды.
Маған да керегі сол еді, бірденен бірге болуымыз керек деп, бір ауыздан мәмілеге келдік",- дейді әнші Индира расылхан.