Басты жаңалықтар
2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының қалай тағайындалатыны анықталды
- автор kyn.kz
- 9 желтоқсан, 2019
- 302
Жаңа жылдан бастап бұл көмекті 340 мыңнан астам отбасы алатын болды
2020 жылдан бастап жаңа жәрдемақы 340 мыңнан астам отбасыға тағайындалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Көпбалалы отбасыларға жеке мемлекеттік жәрдемақы енгізу көзделген.
2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға, яғни 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар жанұяларға отбасының табысына қарамастан жәрдемақы төлеу көзделіп отыр. Біздің есебіміз бойынша, аталған жәрдемақыны жаңа жылдан 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы алатын болады», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.
Оның сөзіне қарағанда, отбасыдағы балалар санына байланысты 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін сараланған мөлшерде жаңа мемлекеттік жәрдемақы белгіленетін болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Біржан Нұрымбетов Атаулы әлеуметтік көмек қанша көлемде артқанын айтты.
Аталған жәрдемақы отбасы кіріс есебіне қарамастан, сараланған бағада берілетін болады: 4 балалы отбасы - 42 496 тг, 5 балалы - 53 127 тг, 6 балалы - 63757 тг, 7 балалы - 74 388 тг.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз