Басты жаңалықтар
Баланың тамағы ауырған кезде оны балмұздақпен емдеуге болады
- автор kyn.kz
- 21 желтоқсан, 2019
- 2.0k
Дәрігер: балмұздақ жесе баланың тамағы ауырып қалады деген дәлелсіз түсінікті тоқтататын кез келді
Балалар тұрмақ ересектердің өзі тамақ ауруы кезінде балмұздақ жеуден бас тартып жатады. Ал дәрігерлер болса тамақ ауырған кезде әсіресе балаларға балмұздақ берудің пайдасы зорын айтуда. KYN.KZ сайты тамағы іскен балаға балмұздақтың қандай пайдасы барын назарларыңызға ұсынады.
"Балмұздақ жесе ауырып қалады деген түсінікті өзгертетін сәт келді.
⠀
Тамақ ауырған кезде бала ас ішуден, тіпті сұйықтық ішуден бас тартатын кездер болады.
Сол кезде балмұздақ көмекке келеді.
⠀
Пайдасы қандай:
⠀Қосымша калория.Тамақ ішпей жатқан балаға калория қажет.Жұтуға жеңіл, тамақты ауыртпайды.Глюкоза жетіспеушілігі ацетонемияға алып келуі мүмкін.
(Энергия бөлу үшін қалыпты жағдайда глюкоза қажет, ал организмге глюкоза түспесе, майлар мен белок бұзады, олардан кетонды денелер бөлінеді, кетонды дене—ацетон, ацетон организмді улайды, ауыздан ацетон иісі шығады, зәрмен бөлінеді, құсады, тер,әлсізді,құрысулар пайда болады).
⠀
Тамақтағы ауырсынуды ,ісінуіді азайтады.
Кәдімгі еш қоспасыз, орех, изюм, шоколад, карамельсіз пломбирді алыңыз.Қосымша компоненттер тамақты тітіркендіруі мүмкін.
⠀
Қызуды түсіреді.Салқын сумен сылау сияқты қосымша физикалық әдіске жатады.
⠀
Балмұздақты ем ретінде тек үйренген ,қыста да жеп үйренген, шыныққан балалар ғана пайдалану керек.
⠀
Сонымен қатар тамақ ауырған кезде 5-6 жастан бастап аптекадағы арнайы мұз кәмпиттер соруға болады.
Тамақты тұзды сумен шаю да көмектеседі.1 стакан жылы суға жарты қасық тұз саласыз.
⠀
Балмұздақ, соруға арналған кәмпиттер, тұзды су тек симптомтикалық ем.ОРВИ, вирусты ангина кезінде болады.Ал бактериялық ангина кезінде антибиотиктер тағайындалады, бұл емді қосымша пайдаланыңыз.
Вирустық не бактериялық екенін дәрігер қарап, сұрастыру арқылы анықтайды.
⠀
Балмұздақты 1,5- 2 жастан бастап беруге болады деп есептеймін.
Өзім ұлыма 2 -ге толғаннан бастап бердім.Қыста да, суықта да жей береді"- дейді отбасылық дәрігер Гауһар Жұматқызы.