Басты жаңалықтар
Кіндік күтімі: Жаңа туған нәрестенің кіндігі тез түсу үшін жасалатын амалдар
- автор kyn.kz
- 22 желтоқсан, 2019
- 4.1k
Дәрігер антисептикпен өңдеу керек десе тек түссіз антисептикпен өңдеу керек, йод, зеленка болмайды.
Роддомда, стерильді жерде туған бала үшін ештеңемен өңдеп қажет емес. Жергілікті антисептиктер кіндік жарасы жазылуын ұзартады және стерильді ортада дүниеге келген соң инфекция дамуы өте төмен болады, антисептиктердің басқа да жағымсыз әсерлері болуы мүмкін. KYN.KZ сайты жаңа туылған баланың кіндігін қалай өңдеу керек екенін назарларыңызға ұсынады.
⠀
Егер бала роддомнан тыс, стерильді инструменттер жоқ кезде дүниеге келсе хлоргексидинмен өңдеу керек.
⠀
Бұл зерттеулер арқылы дәлелденген:
2017 ж Францияда 6 босану бөлімшесі, 8698 нәрестелерге мынандай зерттеу жүргізген.
Нәрестелерді кездейсоқ екі топқа бөлген.Бір топқа 28 күнге дейін антисептиктермен өңдеген, екінші топқа ешқандай антисептик қолданылмаған.
⠀
Қорытындысында 2 топта да айтарлықтай айырмашылық болмаған.
⠀
Кіндік 21 күнге дейін түсу керек.
⠀
Тез жазылуы үшін:
⠀
Ашық, ауада ұстау.
⠀
Жөргекпен жаппау.
⠀
Киіммен, жаялықпен қыспау.
⠀
Анасымен "теріге тері" контакт көп болу.
⠀
Тек таза су не физиологиялық ерітіндімен сүрту керек, содан кейін міндетті түрде құрғатып сүртесіз.
⠀
Ірің, қызаруы байқалса және 21 күнге дейін жазылмаса дәрігерге көрсету.
⠀
"Дәрігер антисептикпен өңдеу керек десе тек түссіз антисептикпен өңдеу, йод, зеленка болмайды" - дейді отбасылық дәрігер Гауһар Жұматқызы.
⠀
Баларыңыздың кіндігі неше күнде түсті?
Немен өңдедіңіздер?
Келесі мақала