Басты жаңалықтар
Мұрынға арналған спрей пайдалы ма әлде зиян ба?
- автор kyn.kz
- 22 желтоқсан, 2019
- 2.0k
Тамыр тарылтқыш тамшылар (спрей)—балалар арасында уланудың жиі себебі!
Мұрынға арналған тамшыларды жиі пайдаланасыз ба?
Бала мұрынын бітелген кезде жалғыз құтқарушы —тамыр тарылтқыш тамшы сияқты көрінеді.
⠀
Енді назар салып оқыңыз:
Тамыр тарылтқыш тамшылар—балалар арасында уланудың жиі себебі!
⠀
Улану болмас үшін не істеу керек,қалай пайдалану керек екенін KYN.KZ назарларыңызға ұсынады.
Ең бірінші дозасы көп болудан, яғни передозировкадан сақтану керек.
Бала жасына сай мөлшерде қолданған кезде мұрын тамырларын тарылтып,ісінуді азайтады.
⠀
Ал көп мөлшерде гипотензивті эффект береді:
⠀
Қысым төмендейді, жүрек соғуы төмендейді де жүрек тоқтауына дейін барады.
⠀
Бұндай жағдай қай кезде болады?
⠀
🔺Балаға ересектермен бірдей доза қолданады.
⠀
🔺Тамызып жатқан кезде артық құйылып кетеді, сол себепті пипеткамен тамызу керек.
⠀
🔺Тез әсер етсін деп мөлшерден көп тамызады.
⠀
🔺 Флакон бала қолына түседі де ішіп қояды.
⠀
🔺 Отбасы мүшелері бір-бірімен келіспей, әрбірі барып өз бетімен тамызады. Сондықтан дәріні бір адам беруге келісу керек немесе берген уақытты жазып қою керек.
⠀
Егер тамыр тарылтқыш тамшыдан соң бала селсоқ, ұйқышыл болса тез арада жедел жәрдем шақыру керек.
⠀
Сондықтан дәрігер нұсқауымен, инструкциямен пайдалану керек.
⠀
"Осындай тамшылардан кейін реанимацияға түскен балалар көп.Нафтизин, Називин, Отривин, Санорин, Ксилометазолин т.б тамшылар жатады"-дейді отбасылық дәрігер Гауһар Жұматқызы.
⠀
Сіздер осындай тамшылар қолданасыз ба?