Басты жаңалықтар
Босанғаннан кейінгі қалыпқа тез келуге арналған ережелерді біле жүріңіз
- автор kyn.kz
- 22 желтоқсан, 2019
- 613
Оған ең алдымен жолдасы жағдай жасау керек.Уй шаруашылығының белгілі бір бөлігін өз мойнына алу керек.
Босанғаннан кейінгі қалыпқа тез келуге арналған 9 ережені KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.
⠀
Дем алу.Мумкіндік болған кезде жатыңыз, дем алыңыз,ұйықтаңыз.
⠀
Жатып емізіңіз, сол кезде белге де, жамбасқа да аз күш түседі.
⠀
Жыныс еріндері, аралықтағы ісіну болса салқын басуға болады.Пакетке оралған мұзды 5-10 минут ұстасаңыз ісіну азаяды.Ол әдісті өзім босанғаннан кейін гинеколог айтуымен жасағанмын.
⠀
Мейлінше жиі емізу.Алғашқы уыз бала үшін өте пайдалы және жатыр өз қалпына келуіне көп көмектеседі.Емізу кезінде жатырдың жиырылуын сезінген боларсыз.
⠀
Іш қатудың алдын алыңыз.Ал іш кату болса қатты күшенуден аулақ болыңыз, дәрігер көмегіне сүйеніңіз.
⠀
Жамбас қуысы бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды 2-3 аптадан кейін бастаңыз.
Жыртылу, эпизиотомия болса 1 айдан кейін.
⠀
Жалпы жаттығуларды жасауға асықпаңыз, босана сала жаттығулар жасап жатқан инстаграмдағы мінсіз мүсінділерге ермеңіз.
Ең алдымен қалыпқа келу керек, керсінше жағдайда жыныс мүшелері төмен түсуіне алып келеді.
⠀
Ұзақ уақыт отырмаңыз.
⠀
Таза ауаға шығыңыз 3-4 сағат емес, алғашқы уақытта баламен 20-30 минут жарайды.
⠀
Босанғаннан кейін әйел адамда шаруа демей бір уақыт денсаулығына көңіл бөлу керек.
Оған ең алдымен жолдасы жағдай жасау керек деп ойлаймын.Уй шаруашылығының белгілі бір бөлігін өз мойнына алу керек.
⠀
Әйел нәзік жаратылыс, бір кеткен денсаулық қайта қалпына келу қиын.
Босанғаннан кейін денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлдіңіз?
Кім көмектесті?
Келесі мақала