Балалар суық тию ауруымен жылына 8-10 рет ауырып шығады. Негізінде ауру адамның иммунитет жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Ауырмайтын баланы өсіру мүмкін емес. Алайда оның иммунитетінің дұрыс қалыптасуына, вирустар мен инфекцияларға төтеп беретіндей денсаулығын сақтауға жәрдемдесуге болады.
Көп аналарды "Баламның иммунитетін көтеру үшін қандай дәрі немесе витамин берсем болады?" деген сұрақ мазалайды.
Иә, иммунитет көтеретін дәрілер бар (имунал, имудон т.б). Бірақ кез-келген дәрінің пайдасы мен қоса зияны болатындықтан, балаға келгенде иммунитетті көтерудің табиғи жолдарын қолданған дұрыс. 6-айға дейін бала иммунитетті анасының сүті арқылы алады. Бұл кезде анасының иммунитеті жоғары болса, баласыныкы де солай деген сөз. Енді, 6 айдан кейін бала иммунитеті өзі қалыптаса бастайды. .
Иммунитетті көтеру үшін не істеуіміз керек?-деген сұраққа KYN.KZ сайты жауап береді.
Баланың ұйқысы әрқашанда қанып жүру керек
1.Таза ауада көп серуендету керек
2.Балаға таңертең жаттығу жасату керек (1 жасқа толмаған балдарға өзіңіз массаж жасап тұру керек)
3.Балалар бөлмесін күнде желдетіп, жуып тазалап тұру қажет
4.Баланы үнемі сырттан келген соң, тамақтанар алдында беті-қолын жуып, гигиенаны сақтату керек
5.Ең бастысы балада стресс болмау керек, үнемі көңілін көтеріп, еркелетіп, ойнату керек
6. Күнделікті қалыпты мөлшерде су беру керек, дұрыс тамақтануына көңіл бөлу керек
7. Тәтті тағамдар мен майлы, ауыр тағамдар мүмкіндігінше бермеген дұрыс.
8.Құрамында С витамині көп тағамдар беру керек
Мына тағамдардан балаға жиі беріп тұрған дұрыс:
Бал
Лимон
Пияз, сарымсақ
Жаңғақтар
Укроп, петрушка
Брокколи
Киви, апельсин
Малина
Компоттар (шиповник, ромашка, бүлдірген)
Көп аналар кішкентай балаларын ыстық суға шомылдырып үйретеді. Содан бала кішкене жел тисе ауыра беретін болады. Баланы жылымық суға кішкентайынан түсіріп үйрету керек. Баланың денесін солай шынықтыру керек.
Қандай ауа-райы болса да баланы сыртқа, таза ауаға шығарып үйрету керек.
Қоғамдық орындарға алып баруға, жіберуге қорықпау керек (парк, балабақша, т.б)
Туылғаннан бастап алынатын прививкаларын міндетті түрде алу керек.
Балаға арнайы иммунитет көтеретін дәмді қоспа дайындасаңыз болады.
Құрамы:
Бал
Жаңғақ
Кептірілген жүзім
Кептірілген өрік .
Осы қоспадан күніне 3 мезгіл 1 шай қасықтан беріп отырсаңыз, бала иммунитеті нығая түседі.
Балаңыздың денінің сау болуы өз қолыңызда