Басты жаңалықтар
Балаға дұрыс тыныс алуды үйретудің жолдары: Тынысы дұрыс бала көптеген қауіпті вирусты өзі жеңеді
- автор kyn.kz
- 4 қаңтар, 2020
- 1.3k
Тыныс жаттығулары - баланың тыныс алу жолдары бұлшықетінің дамуына, баланың дұрыс дем алуын жетілдіруге арналған жаттығулар кешені.
Тыныс жаттығулары - баланың тыныс алу жолдары бұшықетінің дамуына, баланың дұрыс дем алуын жетілдіруге арналған жаттығулар кешені.
Тыныс жаттығулары - созылмалы бронxитте, созылмалы обструктивті өкпе ауруында, бронxоэктаз, бронx демікпесі, т.б аурулардан жазылуда науқас баланы оңалту үшін қолданылады. Бронxит пен пневмония кезінде қақырықтың шығуына көмек жасайды деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Тыныс жаттығуларын бала ауырғанда емес, керісінше сау кезден жасау маңызды. Соның арқасында баланың тыныс жолдары жақсы дамып, тыныс жолдары ауруларымен ауыру мүмкіншілігі төмендейді.
Тыныс жаттығулары қалай жасалады?
Шар үрлету, балаларға арналған сабынды көпіршіктерді үрлету, ысқырықпен ысқырту;
Стақанға су құйып, ішіне трубочка салып, соны балаға көпіршіктер шығарып үрлету;
Ес білетін үлкендеу балаларға свечалар үрлету (бірақ қауіпсіздік ережесін сақтай отырып)
Салфетка немесе қағазды майда бөліктерге бөліп, алақанға немесе тарелкаға салып балаға үрлету;
Баланы ваннаға түсіргенде, қайықтар салып соны үрлетіп ойнату;
Қолын дөңгелек етіп аузына жауып, дыбыс шығартып ойнату (ааа, уууу, кукууу деген сияқты)
Ең бастысы, жаттығуды ойын ретінде өткізсеңіз бала тез әрі қызығушылықпен жасайды.
Жаттығуды жақсы желдетілген бөлмеде немесе далада жасау керек.
Жаттығуды баланың қарны аш кезінде және тамақтанып болған соң бірден жасатпаңыз.
Жаттығуды бір-екі жаттығудан бастатып, күнде уақытын жайлап ұзарту керек.
Егер бала шаршаса, жаттығуды жалғастыр деп қинамаңыз.
Жаттығу барысында баланың жағдайын қадағалап отырыңыз. Қатты тыныс шығару кезінде бас айналуы мүмкін.
Балалар әлі дұрыс және қатты жөтеле алмайтындықтан, қақырық шығаруы қиын болады. Сол кезде осы жаттығулар қақырықтың жақсы шығуына септігін тигізіп, бронxтардың дренажды қызметі жақсарады.