Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көлікке, кемеге, ұшаққа отырған кезде баланың жүрек айнуын тоқтату амалдары

Көлікке, кемеге, ұшаққа отырған кезде баланың жүрек айнуын тоқтату амалдары
ашық дереккөз
Дәрігер:Бала көлікте жүрегі айнып отырса, су қолыңызбен алақанын, құлағын, мойынның артқы бөлігін сипалаңыз.
КИНЕТОЗ - көлікте (автобус, ұшақ, кеме т.б), карусельде отырғанда баланың құсуы. Ол неден пайда болады және алдын алу жолдарын KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады. Балаларда 1-2 жас арасында вестибулярлы жүйе әлі жақсы дамымаған болады. Сол кезде жылдам болған қимылдан балада сондай жағдай жиі болады. Яғни көру жүйесі жылдам қимылды көреді, дене сезіне алмайды. Содан миға "бірдеңе дұрыс емес" деген сигнал барады. Көбінесе бұл 2-жастан кейін кетеді. Бірақ кей балаларда 10-12 жасқа дейін сақталады. Ал, сирек жағдайда, тіпті, ересек адамдарда да кездеседі. ⠀ Кинетоз белгілері қандай? бас айналу, ауыру көз көруі нашарлауы, заттың екі еселеніп көрінуі тепе-теңдік сақтау бұзылысы жүрек айну, құсу әлсіздік, енжарлық суық тер, жүрек соғуы жиіленуі. ⠀ Жолға шыққанда балада бұл жағдайды болдырмау немесе жеңілдету үшін: баланы жолға шығар алдын тамақтандырмау, кем дегенде 1,5 сағат бұрын жеңіл тамақпен тамақтандыру керек. көлік ішінде балаға сотка, планшет ойнатпаңыз Мүмкіндік болса, жолда баланың ұйықтауына жағдай жасау, сонда бұл жағдай азаяды. көлік терезесін ашып, таза ауа кіргізіп тұру қажет Көлікте темекі тартпау, иістендіргіш заттар пайдаланбау керек көлік іші тым ыстық болмасын, баланы да тым қалың киіндірмеңіз. Балаға аздаған мөлшерде су немесе жемістен жасалған компот беріп отыруға болады. баланың көңілін басқа заттармен, ойынмен бөліп отыру керек. көлікте балаға ыңғайлы орын артқы, ортаңғы орын. Автокресло болса, тіпті жақсы. Ұшақта, ыңғайлы орын қанаты жағы. Артық қимыл аздау. Поезда терезе жағы ыңғайлы. ⠀ Жолға шығарда өзіңізбен: салафан, ылғалды, құрғақ сүлгілер, балаға артықша киім, таза су алып алыңыз. Бала көлікте жүрегі айнып отырса, су қолыңызбен алақанын, құлағын, мойынның артқы бөлігін сипалаңыз. Сонымен қоса, лимон қосылған су, салқын заттан балмұздақ беруге болады. Баланың сыртта қозғалмайтын затқа қарап отырғаны жөн. Мысалы, аспанға, алыстан көрінетін жазық далаға. Кинетозға препараттардан көбінесе берілетіні 2 жастан - Дименгидринат (драмина), авиамарин, сиэель.   "Бірақ бұл препараттардың барлығының әр адамға кері әсері бар екенін ескерсек, міндетті түрде тек дәрігеріңіздің нұсқауымен алу керек"- дейді отбасылық дәрігер Асия Ибраxимқызы
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар