Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кірпікке қарай тушь таңдаңыз

Кірпікке қарай тушь таңдаңыз
ашық дереккөз
Кірпікке арналған тушь — кез келген бойжеткеннің косметика жинағындағы негізгі бояудың бірі. Тушьті таңдарда кірпік типіне қарай алған жөн.
Кірпікке арналған тушь — кез келген бойжеткеннің косметика жинағындағы негізгі бояудың бірі. Тушьті таңдарда кірпік типіне қарай алған жөн. Сол кезде нәтижесі ойдағыдай болады. KYN.KZ сайтының бүгінгі материалында кірпік типіне қарай қандай тушь сәйкес келетінін білесіздер. Ұзын әрі қалың кірпік Кірпігіңіз осы типке жата ма? Онда сіздің жолыңыз болды. Мұндай кірпік сирек кездеседі. Сондықтан оған одан сайын көлем берудің қажеті жоқ. Қазір «қуыршақ» кірпіктер емес, табиғи кірпіктер сәнге қайтып оралғанын ұмытпаңыз. Сізге кез келген тушь сәйкес келе береді. Алайда силикон щеткасы және классикалық аппликаторы бар тушь таңдағаныңыз дұрыс. Себебі сіз өз табиғатыңыздан әдемі кірпіктеріңізді жай ғана айқындасаңыз болды. Ұзын, бірақ жіңішке және тіке кірпік Егер сіздің кірпігіңіз ұзын, бірақ қайырылмайды және тығыздығымен мақтана алмасаңыз, кірпікті ұзартатын тушьтер сізге арналмаған. Кірпік қайыратын құралдар пайдаланып үйреніңіз. Ұзын кірпіктеріңізге көлем беру үшін volume әсері бар тушь алыңыз. Тушьтің қылтаны көлемді дөңгеленген түрін таңдаңыз. Қалың, бірақ қысқа кірпік Қалың, бірақ қысқа кірпіктерге қалыңдататын тушь және кірпік қайыратын құралдар қолданбаған жөн. Қатты көлем бермейтін, қылтаны өте жіңішке ұзартатын тушь таңдаңыз. Тушьті кірпікке ирек тәрізді екі жаққа кезектестіріп, жоғары созып жағыңыз. Қысқа әрі жіңішке кірпік Егер кірпігіңіз қысқа әрі жіңішке болса, бөлетін, қайыратын және ұзартатын әсері бар тушь алыңыз. Кірпікке күтім жасайтын әдістерді қарастырыңыз. Егер күнде тушьпен бояп жүруден шаршасаңыз, бірақ қалың әрі ұзын кірпік қаласаңыз, сұлулық салондарында арнайы процедуралар (ламинирование ресниц) бар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар