Далада күн көзінде көп болудың қасқа да әсер ететінін біліп, адамдар шашы мен қасын да күн көзінен көлегейлеуге тиіс. Күн көзінің қасты кептіріп, жіңішкертіп, түссіздендіретінін естен шығармау қажет. Қасқа кез келген бояу мен кремді қолдану да зиянды.
Негізінен, қас күтімі дегеніміз – оны майлау, қалпына келтіру, бояу. Кремдермен, өсімдік майымен майланып тұратын қастар жақсы өседі, күн сәулесіне, ыстық, суық, желге төзімді болып жетіледі. Қасқа жасалатын күтім түрлерін KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.
Қасты мынадай заттары бар кремдердің бірімен майлаған дұрыс:
1. Өсімдік майы (мақта майынан басқасы) – 10 грамм.
2. Камфора майы – 1-2 тамшы.
3. Вазелин – 5 грамм. Бұл құраммен қас түгін майлайды, сосын біраз уақыттан соң оны сүртіп тастайды.
Қас түгін кез келген маймен сүртуге болады және оған төмендегідей компрестер де өте пайдалы болады.
Ол былай жасалады: қыздырылған өсімдік майынан (мақта майынан басқасы) жұқа мақтаға салып алады, сығыңқырайды, сосын оны қасқа апарып жапсырады. Үстінен 3-4 минуттай қолмен басып тұрады да, алып тастайды. Жазда қас түгі өңін жоғалта бастайды. Оған теңіз суы да әсер етіп, қасты құрғатады, түссіздендіреді. Жаздың осы уақытында қас түгіне крем, май жағу, компресс басуды косметологтардың кеңесімен жүзеге асырған жақсы.
Келесі мақала