Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында 5 жасар баланы туған анасы аяқ-қолын байлап азаптады

Түркістан облысында 5 жасар баланы туған анасы аяқ-қолын байлап азаптады
ашық дереккөз
Ал бүлдіршіннің әкесі болса шашылып жатқан үйде қиналып отырған баланы жайбарақат видеоға түсірген
Түркістан облысында аузы мен қолы байланған баланың видеосы Қазнетті шулатып жатыр. Байлаулы бес жасар ұлдың қиналып жатқанын әкесі түсірген. Оның айтуынша, бүлдіршінді қинаған туған анасы көрінеді. Аузы байланған баласына қайта-қайта сұрақ қойып жүрген еркек оны шешуге асықпайды. Туыстарымен бірге келген ол шашылып жатқан үй ішін видеоға түсіріп, жайбарақат жүр. Осы видеоны дәлел ретінде екі күн бұрын полицияға беріп, екі жыл бұрын ажырасып кеткен әйелінің үстінен арыз түсіріпті. Алайда оқиғаны тексеріп жатқан полицейлер анасының видео түсіріліп жатқан кезде үйде болмағанын айтады. Тек туыстары болыпты. Төрт жыл бірге азаматтық некеде болған екеудің 5 және 3 жастағы ұл мен қызы бар. Ал ажырасқаннан кейінгі дау балаларға әкесінің ұзақ уақыт алимент төлемеуінен басталды деп отыр. Бүлдіршінді байлап тастаған анасы ма, жоқ әлде оған қарсы әдейі істелген нәрсе ме, қазір сол жағы анықталып жатыр. "ҚР ҚКтің 140-шы бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалған.Тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы мен кінәлі тарап анықталады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда",-дейді  Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар