Басты жаңалықтар
Бала үшін ана сүтінің артықшылықтарын біле жүріңіз
- автор kyn.kz
- 9 қаңтар, 2020
- 1.2k
Барлық балалар туғаннан бастап 6 айға дейін тек емшек емуі керек. Бір жастан асқан соң да емізуді жалғастырған дұрыс, ал Қазақстан жағдайында екі жасқа дейін, тіпті одан да көп емізуге болады.
Емшектегі бала үшін ең жақсы тамақ емшек сүті болып табылады, ол баланы алғашқы алты
айда қажет болатын барлық тағамдық заттармен қамтамасыз етеді.
Бұған қоса, онда кішкентай адамның бірден-бір қажеттіліктерін өтейтін кейбір ешнәрсемен ауыстыруға келмейтін көп қаныққан май қышқылдары, кейбір сүт ақуыздары жеңіл сіңірілетін темір бар.
Емшек сүтінде сондай-ақ, нәрестенің ішектерінің бейімделуі мен дамуына мүмкіндік туғызатын микробтар мен жұқпалы инфекциялардан қорғайтын, өнеркәсіп өндірісінің балаларға арналған тағам
қоспаларында жоқ иммундық және биологиялық белсенді заттар бар деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Емшек емудің бала үшін артықшылықтары:
1. Баланың анасымен арасындағы жақсы өзара қарым-қатынас (анасымен тығыз қарым-қатынас
балаға қорғаныш сезімін бере отырып, баланы тыныштандырады, емізген кездегі анасымен
қарым-қатынас баланың эмоционалдық, әлеуметтік және физикалық дамуын арттырады);
2. Организмге толыққанды нәрлі заттардың, микроэлементтердің, дәрумендердің,
ферменттердің түсуін қамтамасыз етеді;
3. Асқазан-ішек жолының қызметін реттейді (диспепсиялық аурулардың жиілігі мен ұзақтығын
азайтады);
Иммунологиялық қорғаныс туғызады (емшек еміп жүрген балалар жасанды тамақтанатын
балаларға қарағанда 2,5 есе аз ауырады және олардың ішінде 6 айлық балалардың диа-
реядан өлу ықтималдығы 25 есе аз болады, респираторлық инфекциялардан қорғауды
қамтамасыз етеді, құлақтың қабынуы және оның қайталану жиілігі азаяды);
4. Нәрестелерді некротиялық энтероколиттен, бактериемиядан, менингиттен, ботулизмнен
және несеп шығару жолдарының инфекциясынан қорғауы мүмкін;
5. I типті қант диабеті және ас қорыту жолының қабынуы сияқты аутоиммундық аурулардың
азаюы мүмкін;
6. Дені сау баланың мезгілсіз шетінеу синдромы қаупінің азаюы мүмкін;
7. Сиыр сүтіне аллергияның даму қаупі азаюы мүмкін;
8. Неғұрлым өскен кезде семіздік қаупін төмендетуі, өскенде жүректің ишемия ауруының алдын
алуы мүмкін;
9. IQ шкаласы бойынша ақыл-ой дамуының көрсеткіштері жоғарылайды;
10. Еңбек – тамақ стереотипін қалыптастырады;
11. Тістердің түйісуін дұрыс қалыптастырады.
Емшек емізудің ана үшін артықшылықтары:
1. Бала туғаннан кейін емізуді ерте бастау жатырдың тартылуына ықпал ете отырып, босанғаннан
кейінгі қан кетуді азайтады, сол арқылы ана өлімін төмендетеді, сондай-ақ ананың гемогло-
бин қорын сақтайды;
2. Тек бала емшек емген кезде, яғни 6 айға дейін жүктіліктен сақтайды (сондай-ақ емізу амено-
реясы ана организмін темір жоғалтудан сақтайды);
3. Климактериялық кезең алдында кеуде және аналық бездер обыры қаупін азайтады;
4. Аналық сезімді дамыта отырып, баламен жақсы психологиялық байланыс орнатуға ықпал етеді.
Отбасы үшін артықшылықтары:
1. Қаражат пен уақытты үнемдеу (сүт қоспасы, тамақ дайындау немесе оны жылыту үшін энер-
гия, бөтелкелер, емізіктер, дәрілер т.б.):
2. Дені сау бала;
3. Дені сау ана.
Отбасылық дәрігер мен денсаулық сақтау үшін (мемлекет үшін):
1. Дені сау ұрпақ: дені сау ана – дені сау бала;
2. Ауру және өлім көрсеткіштерінің жақсаруы;
3. Еңбекке жарамды халықтың еңбек және интеллектуалдық көрсеткішінің жоғарылауы;
4. Қаражатты қайта бөлу – емделу шығынын азайту, аурудың алдын алу мен денсаулықты бе-
кемдеуге қаражатты ұлғайту;
5. Сүт қоспаларын өндіруге бөлінетін қаражатты азайту.
Барлық балалар туғаннан бастап 6 айға дейін тек емшек емуі керек. Бір жастан асқан соң да
емізуді жалғастырған дұрыс, ал Қазақстан жағдайында екі жасқа дейін, тіпті одан да көп емізуге
болады.