Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарақат Әбілдина баласының жетістігіне күмән келтіргендерге жауап берді

Қарақат Әбілдина баласының жетістігіне күмән келтіргендерге жауап берді
ашық дереккөз
Ол баласына атағы арқылы ешқандай ықпал етпейтіндерін айтты
Танымал әнші Қарақат Әбілдина тұңғышы Бекболат Болмановтың жетістігі ата-анасының арқасында деп айтқандарға жауап берді деп хабарлайды KYN.KZ Отандық танымал жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақаттың баласы елімізде алғаш рет зияткерлік коэффиценті жоғары адамдарға арнап ашылған IQ Қазақстан ұйымының бас координаторы болып сайланды. Баласының осындай міндетті атқаратын жауапты орынға сайланғаны туралы жаңалықтар арқылы оқып білген Қарақат желіде жан сырымен бөлісті. Мектепті биыл бітірген баласының кезекті жетістігіне қуанған әнші желідегі парақшасында: «IQ Start интеллектуалды тестілеуде 400 адамның ішінен озық шығып, үздік 7 адамның ішіне кірген тұңғышым Бекболаттың тағы бір жетістігін өзінен емес, сайттардан біліп отырмын....) Расында, 'Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы' деген соң, бүкіл жетістіктеріне біздің ықпалымыз бар деп ойлайды. Бір қызығы, біздің ықпалымыз тұрмақ, еш xабарымыз да жоқ, тіпті, мұндай жаңалықтарын бізге өзі де айтпайды. Ел-жұртпен бірге естіп жатамыз. Оқуда, қоғамдық істерде белсенді, бірақ атқарып жүрген шаруаларын уақытынан бұрын жариялауды, сөзі ісінің алдына түскенін қаламайтын жан екенін біліп, марқайып қалам. Осылай ерте жұмысқа араласып, жақсы жағынан көзге түскеніне, әрине, қуанамыз. Десе де, ұлым әзірге оқушы, жас түлек). Ал алда үлкен бір белес, - ҰБТ келе жатыр, жауапты сынаққа санаулы күндер қалды. Құлыныма осы бір емтиxанда сәттілік тілеймін, қарыштай бер, ботам. Ең бастысы, Алладан амандығыңды тілеймін! Барша түлектерге сәттілік серік болсын деймін! ҰБТ нәтижесі өмірдің мәні емес, көп белестің бірі ғана екенін де естен шығармайық!» - деп жазды. Айта кетейік, Бекболат Болманов жақында еліміздегі ең ақылды оқушылар қатарынан көрінген болатын. Сонымен қатар, KYN.KZ сайтына арнап Қыдырәлінің өзі берген сұхбатында баласының бизнес саласына баруы мүмкін екенін айтқан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар