Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбелік келіншек отырып қалған сіңілісіне күйеу жігіт іздеп жатыр

Ақтөбелік келіншек отырып қалған сіңілісіне күйеу жігіт іздеп жатыр
ашық дереккөз
Оның сіңілісі 29 жасқа келген
Ақтөбе тұрғыны өзінің жасы 29-ға келген туған сіңлісіне күйеу жігіт іздеп жатыр деп хабарлайды KYN.KZ Сіңілісінің өмірлік серігін кездестіріп, тұрмыс құрғанын қалаған келіншек оған күйеу жігіт іздеді. Айтуынша, артынан ерген бауырының жасы 29-ға келген, заңгер мамандығын бітіріп, ауылдық мектепте іс жүргізуші болып жұмыс жасайды. Жасы отызға таяғанына қарамастан жігіттерге деген талғамы биік қыз әлі күнге дейін тұрмыс құрмаған. «Ол өзі аздап тұйық, адамдармен тіл табысып кете алмайды. Осы жазда қалаға демалысқа келеді, сол кезде бір жақсы жігітпен таныстырайын деп едім. Сіңілімнің бағы ашылғанын ұалаймын», - деп жазды желі қолданушысы. Бауырының болашағына алаңдаған келіншек әлеуметтік желіде жақсы күйеу бала іздейтінін айтты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар