Сиыр сүтін емшектегі балаларға 9 ай толғанша тамақ ретінде бермеген дұрыс.
Табиғи сиыр сүті өсіп келе жатқан бала үшін пайдалы әрі нәрлі заттектердің қайнаркөзі деп есептеледі. Расымен, сиыр сүтінде пайдалы және нәрлі заттектер көп, бірақ бұзау үшін ғана пайдалы. Ал сәбидің нәзік ас қорыту жүйесі үшін сиыр сүті ауыр болады.
Егер емшектегі бала, балаларға арналған нәрлі қоспамен тамақтанса, сиыр сүтін 9 – 12 ай аралығында тамақ рационына қосуға болады. Алайда, егер қаражат жетсе, баланы 12 айға дейін қоспамен тамақтандырған жөн.
Ешкі және қой сүтін 1 жасқа дейін бермеген дұрыс, оның үстіне оны микробиологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен қатар минералдар мен дәрумендер жетімсіздігінің
алдын алу шаралары қабылданған жағдайда ғана беруге болады.
Балаларға жасқа толғанша қаймағы алынған және жартылай алынған сүт бермеген дұрыс.
Қаймағы алынған сүттен барлық май, ал жартылай алынған сүттен шамамен жартысы алынады,
ол өсіп келе жатқан баланы жеткілікті энергиямен қамтамасыз етпейді.
Сондай-ақ құрамында қант мөлшері көп болғандықтан, тәтті қосылған қойытылған сүтті де бермеген дұрыс. Кейде сүт қоспаларының орнына жеміс шырындарын, қант қосылған су және астық өнімдерінен жасалған сұйытылған сұйық ботқалар береді, бірақ олар нәрлілігінің жетіспеуі салдарынан балама тағам ретінде ұсынылмайды.
3 жасқа дейін тамаққа қант, тұз, дәмдеуіштер қосуға; шай беруге үзілді-
кесілді тыйым салынады.