Басты жаңалықтар
Балаңыз мектепте жақсы оқысын десеңіз маманның тапсырмасын өзіңіз орындап көріңіз
- автор kyn.kz
- 9 қаңтар, 2020
- 225
Әр баланың бойында туғаннан берілген қабілеті, ерекше мүмкіндігі бар. Оны ата-ана көре білгені дұрыс.
Бүлдіршін жастағы балаларға қамқорлық жасауды жақсартудың маңыздылығына қатысты
сенімді ғылыми дәлелдемелерді KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.
1. Бала өмірінің алғашқы жылдарында ми өте тез дамиды. Ынталандырудың, қамқорлық пен
қолдаудың жеткіліксіз болуы баланың дамуына айтарлықтай әсер етеді.
2. Балаларға қолайсыз жағдайлардың әсерін бүлдіршін жастан азайтуға болады. Қолайсыз от-
басынан шыққан балаларға қатысты жүзеге асырылған ерте араласу шаралары балалардың
тірі қалуын арттыруға, олардың денсаулығының жақсаруына, когнитивті және әлеуметтік да-
муына алып келеді.
3. Бүлдіршін жастан көмек алған балалар мектепте үлкен жетістіктерге жетеді. Олар ере-
сек тартқан кездерінде көбінесе өздеріне жұмыс тауып, біршама жоғары табыс табады,
денсаулықтары да неғұрлым жақсы болады, олар әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне
де онша тәуелді болмайды және олардың арасында өмірінің бастапқы кезеңінде мұндай
мүмкіндіктерден айырылған балаларға қарағанда қылмыстылық деңгейі де төмен болады.
4. Баланы бүлдіршін жастан дамытуға бағытталған күш-жігер қаражатты шығындау емес,
өзіндік инвестиция болып табылады.
Бүлдіршін жастан араласу кезіндегі «шығын-пайда» арасалмағы туралы қолда бар деректер баланы ерте жастан дамытуды жақсартуға жұмсалған әрбір долларға қайтарым орташа есеппен алғанда инвестиция сомасынан 4-5 есе, ал кейбір жағдайларда әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.