Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баланы марапаттау және жазалау

Баланы марапаттау және жазалау
ашық дереккөз
Адам күніне кем дегенде 8 рет әртүрлі әдіспен және әртүрлі ықыласпе «сипауға» зәру.
Қай уақытта болмасын, барлық ата-аналарды балаларына барынша жақсы тәрбие беру мәселелері толғандырған . Баланың тұлғасы үйлесімді дамуына септесу үшін қалай марапаттауға және жазалауға болады?- деген сұраққа KYN.KZ сайты жауап береді. Марапаттау – аса ықпалды мінез-құлық реттегіші, оның көмегімен үйрету үдерісі жылдамырақ жүреді. Бірақ, кез-келген мадақтау түрі пайдалы бола бермейді, сол сияқты жазалау да әрдайым зиян емес – тәрбиелеу мәселесінде жаман немесе жақсы әдістер жоқ, орындысы немесе орынсызы ғана бар. Марапаттау ережелері: Әсеріне қарай мақтау есірткіге ұқсас, яғни, бір рет мақтау естіп үйренген адам, оны қайта-қайта естуге мұқтаж болып тұрады. Алайда, асыра мақтау зиян. Шектегіштер: - баланы өз еңбегімен жетпеген жетістіктері (сұлулық, ақыл, күш-қуат, денсаулық және т.б.) үшін мақтауға болмайды; - бір ісі үшін екі реттен артық мақтауға болмайды; - мүсіркегендіктен мақтауға болмайды; - балаға ұнау ниетімен мақтауға болмайды. МАҚТАУ ТҮРЛЕРІ 1. «Орын толтыру». Шын мәнінде әлдене жетіспейтін (физикалық кемшілік, нашар мінез, өмірдегі сәтсіздіктер) балаларға қатысты қолданылады. Оларды бойындағы барлық жақсы қасиеттері үшін, өздері қол жеткізбеген болса да, мақтау қажет (бірақ, асыра мақтамаған жөн, себебі, мұндай балалар тым ерке мінезді озбырларға айналуы мүмкін). 2. «Кепілақы» – бұл алда болатын істерге айтылатын мақтау, бір адым озық жүретін түрі. Ол адамды өз-өзіне сенуге үйретеді. Сенім мүмкіндікті шындыққа айналдырады. Бос мақтау – жалған айтумен бірдей бола бермейді. 3. «Көтеріңкі» мақтау. Егер біз балаға қойылатын талаптарды күшейтетін болсақ, онда жаңа жеңістерге шабыттандыру үшін оны мақтауды күшейтуден бастау қажет. 4. Жанама құптау. Мақтау айтылмайтын, яғни, көмек, кеңес сұрау және т.с.с. түріндегі мақтау. Басқа бір кісімен сөйлескенде сөз арасында балаңыз туралы бірер жақсы пікіріңізді айтыңыз, бірақ, бала оны еститін болсын. Бұл сөздер баланың бойындағы жақсы қасиеттерін арқау етуі тиіс, бірақ, оның теріс қылықтарына назар аудартпауы керек. 5. «Махаббат жарылысы» (жедел психологиялық көмек). Тек төтенше жағдайларла, бала аса күрделі күйзеліс не дағдарыс күйіне түскенде қолданылады. ЖАЗАЛАУ ТҮРЛЕРІ: - еріксіз қолын бос қалдыру – арнайы орындықта отырады, бұрышта тұрады және т.с.с.; - теріс қылықтарына айып тағу. ЖАЗАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ: 1. Жазалау кезінде ойланыңыз: Неге? Неүшін? 2. Жазалау ешқашан денсаулыққа зиян тигізбеуі тиіс. 3. Жазалау керек немесе керек емес екеніне күмәніңіз болса – жазаламаңыз! Сіз тым мейрімді және жұмсақ болып көрінсеңіз де, ешқашан «керек болып қалады-ау» деген ниетпен жазалауға болмайды. 4. Бір теріс қылық үшін тек бір рет қана жазалауға болады. Жазалау шараларынан құралған «қоспа» балаларға қажет емес. 5. Кешігіп жазалауға болмайды – жазалау уақыты өтіп кетсе, кешірім беріледі. 6. «Жазаланды — демек, кешірілді!», өмір атты кітаптың бұл парағын жабылды – енді еске де алмаймыз. 7. Кез-келген жазалау шарасында қорлау немесе кемсіту болмауы тиіс, жазалау әлсіз балаға ересек адамның күш көрсетуі ретінде қабылданбауы тиіс.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар